Ойын-сауық

Үй жұмыстарына арналған
танымал Spotify плейлисті

Теледидардағы Spotify қызметімен күніңізге дыбыстық шабыт қосыңыз.

Бұл күндері біз үйде көптеген істермен айналысып жүрміз. Егер сіз бір жерде жұмыс істесеңіз, ойнасаңыз және үй шаруасымен айналыссаңыз, өмір сәл бірсарынды сезілуі мүмкін. Қазіргі таңда сүйікті музыка мен подкасттары тыңдау таза ауамен тыныс алғандай сезілуі мүмкін. Музыка ақыл-ойыңызды жасартып, денеңізге қуат беретін күшке ие. Қажет болған кезде шабыт табу үшін сүйікті әніңізді трансляциялап көріңіз.

Теледидарда Spotify қызметіне кіру
Spotify қызметі сізге теледидардан миллиондаған әндер мен подкасттарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Таңдаулы музыканы трансляциялау үшін, ойнату түймесін бассаңыз болды, жеке музыка ұсыныстарын аласыз және тамаша әрі сапалы әуенді тыңдайсыз.

Миллиондаған әндер мен таңдаулы ойнату тізімдері бар Spotify қызметі әр сәтке лайықты музыканы табу процесін жеңілдетеді. Өнімділікті арттыратын мотивациялық ән тыңдаңыз немесе тынығуға арналған тамаша музыканы тауып көріңіз. Сондай-ақ, кез келген құрылғыңызда (соның ішінде Samsung теледидарында) онлайн трансляция жүргізе аласыз және үй жұмыстарымен айналысқанда, тамаша фондық музыка бола алатын ең үздік Spotify ойнату тізімдерін таба аласыз.

*Пайдаланар алдында Smart Hub талаптарымен, шарттарымен және құпиялылық саясатымен келісу қажет.
*Spotify TV қолданба қызметтерінің қолжетімділігі аймақтарға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Қиын тапсырмаларды орындау арқылы өзіңізді жетілдіріңіз

Кейбір адамдар істердің ұзақ тізімін бастағанды ​​ұнатады. Бірақ кей адамдар үшін күнделікті жаттығу немесе үйінді ыдыс-аяқтың өзі аздап қорқынышты болуы мүмкін. Сонда сергек әуен сізді жұмыс істеуге ынталандырады. Тамақ дайындағанда және үй жинағанда, сүйікті әндеріңізді айту немесе гитараны ойнап жатқаныңызды елестету арқылы уақытты көңілді өткізіңіз. Сізді бит ырғағымен бірге қимылдататын бірнеше Spotify ойнату тізімі бар.

4

Миыңызды жұмысқа немесе оқуға ынталандырыңыз

Жұмыс істеп жатқанда немесе балаларыңызға үйден оқуға көмектескенде де, музыка зейінді ұстауға көмектесетін тамаша құрал болып табылады. Мәтіні жоқ әуендер миыңызды белсенді күйге келтіріп, зейініңізді және өнімділігіңізді жақсартады. Үйде жұмыс істеген кезде, Spotify қызметінде сүйікті аспаптық ойнату тізімдерінің бірін трансляциялап көріңіз. Не болмаса балаларыңызбен сурет салып, шығармашылықпен айналысқан кезде, олардың көңілін көтеріп, шығармашылыққа шабыттандыру үшін оларға көңілді әндер ойнатыңыз.

4

«Ақыл-ойды дамыту» Spotify ойнату тізімінің мұқабасы.

Демалу қажет болған кезде, жайлы әуендерді тыңдап тынығуға ештеңе жетпейді. Жайлы музыка сіздің ойыңызды тыныштандырып, бұлшық еттеріңізді босаңсытып, стресстен арылуға көмектеседі. Теледидардан ойнатылатын ұсынылған Spotify плейлисттерінің бірімен диванда денені керу жаттығуларын жасап көріңіз. Бірсарынды әндер үйіңізді жайлы орынға айналдырады және тіпті түнде ұйқыңызды жақсартуға көмектеседі.

4
Q-Symphony
Q сериясындағы саундбарлар сіздің теледидарыңызбен үйлесімді жұмыс істейді. Құлағыңызға акустикалық дыбыстың жаңа мүмкіндіктерін сыйлап, контенттен бұрын-соңды болмаған әсер алыңыз.

Өз үйіңізді жанға жайлы әуен сыйлайтын мекенге айналдырыңыз

Музыканы үйіңізде онлайн трансляция арқылы ойнатқан кезде, Spotify қолданбасын Samsung теледидарында іске қосып, бөлмені сүйікті әуендермен толтырыңыз. Отбасымен көңілді би кешін ұйымдастырыңыз немесе балаларды жайлы әуенмен ұйықтатыңыз. Q сериясындағы саундбарлар және Q-Symphony құрылғыңыздағы музыканы премиум деңгейдегі көлемді дыбыспен ойнатып, қонақ бөлмеңізді жанға жайлы ортаға айналдырады. Қосылу үшін, телефоныңызды саундбарға жақындатыңыз немесе теледидарыңыздан үздіксіз ойнату үшін тікелей трансляциялаңыз.

* «Tap sound» функциясы Bluetooth арқылы қосылады.
* «Tap sound» функциясы тек Android 8.1 және одан жоғары нұсқадағы Samsung мобильді құрылғыларымен үйлесімді.
* «Tap sound» функциясы тек ұялы телефон қосылған кезде ғана жұмыс істейді.

* Q-Symphony қолжетімділігі теледидар мен саундбар моделіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
*Q-Symphony технологиясы саундбар мен теледидар арасында кабельдік байланысты қажет етеді.
* Суреттер тек көрсету мақсатында үлгіленген.
*Өнімнің өнімділігіне әсер етпейтін сыртқы түрі мен конструкция ерекшеліктері ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
*Өнімнің өнімділігіне әсер етпейтін осы қызмет түрі ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
* Samsung компаниясы Spotify қызметін өзгертуі, тоқтата тұруы және/немесе бір бөлігін немесе түгелдей тоқтатуы мүмкін.
*Samsung компаниясы Spotify қызметтерінің өнімділігі мен пайдаланушы тәжірибесіне жауап бермейді.
*Spotify мүшелікті немесе сатып алуды талап етуі мүмкін.
*Қолжетімді функциялар аймаққа, қызмет провайдеріне, желілік ортаға немесе мобильді құрылғыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Сапалы дыбысты трансляциялау

Бұдан кейін мына оқиғаларды оқыңыз