Этика

Этика

Әділ және айқын
корпоративтік мәдениет

Әділ және айқын
корпоративтік мәдениет

Біз бірінші сыныптағы бүкіләлемдік компания ретіндегі мәртебемізге сәйкес әлеуметтік рөлімізді және жауапкершілігімізді атқару үшін күнделікті операцияларымыздың негізіне тұтастықты енгіземіз.

Біз бірінші сыныптағы бүкіләлемдік компания ретіндегі мәртебемізге сәйкес әлеуметтік рөлімізді және жауапкершілігімізді атқару үшін күнделікті операцияларымыздың негізіне тұтастықты енгіземіз.

Біздің бизнесіміз бүкіл әлем бойынша көптеген елдерді қамтитындықтан, біз бизнесті заңды әрі этикалық түрде жүргізе отырып, тиісті елдердің заңдарындағы, регламенттеріндегі және тәжірибелеріндегі айырмашылықтарды мойындаймыз және талдаймыз. Сондай-ақ біз тұтынушыларымыз бен қызметкерлеріміздің құпиялылығын сақтау және олардың жеке деректерін қорғау үшін бүкіләлемдік жеке деректерді қорғау саясаттарын жетілдіреміз және жүзеге асырамыз. Біздің заңдар мен ережелерге сәйкестікті және этикалық тәуекелдерді жүйелі түрде басқаруға жұмсайтын күш-жігеріміз Samsung компаниясының Бүкіләлемдік мінез-құлық кодексіне және Іскери мәнез-құлық нұсқауларына негізделеді, олар барлық қызметкерлеріміздің шаралар мен шешімдер қабылдауында басшылыққа алынады. Біздің бұрын Құқық бөлімінің құрамына кірген Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі командамыз енді тікелей Бас директорға бағынады және Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі команда басшысы кеңес қабылдайтын барлық маңызды шешімдерге қолдау көрсету үшін барлық кеңес жиналыстарына қатысады. Әр бизнес пен аймақ бойынша заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету мәселелерін басқару үшін біздің бөлімшелеріміз бен шетелдік аймақтық кеңселеріміздің әрбірінде арнайы ұйымдарымыз бар.

Этиканы басқару

Біз өзіміздің Бүкіләлемдік мінез-құлық кодексімізді («Samsung бизнесінің қағидалары») этиканы басқару жөніндегі веб-сайтымыз арқылы жеткізушілерімізге, тұтынушыларымызға және тағы басқа сыртқы мүдделі тұлғаларға, сондай-ақ қызметкерлерімізге ашамыз және этикалық стандарттардың қандай да бір бұзылуын хабарлауға болатын арнаны қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, қызметкерлеріміз үшін этикалық стандарттар ретінде қызмет ететін «Қызметкерлердің іскери мінез-құлқы туралы нұсқаулық» жалпы 15 тілде (корей тілін қосқанда) қолжетімді және біздің ішкі интранетімізге жүктелген. Тиісті мәліметтер жылына кемінде бір рет ұсынылатын ұжымдық, онлайн және аудио/визуалдық оқыту арқылы бүкіл әлем бойынша барлық қызметкерлерге таратылып, бөлісіледі. Айқын іскери тәжірибелерді орнату үшін жеткізушілерімізге бөлек «Іскери нұсқаулықтар» да қамтамасыз етіледі.

Заңдар мен ережелерге сәйкестікті басқару

Біздің заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламамыздың мақсаты – баға бекіту немесе зияткерлік жекеменшік құқықтарының бұзылуы себебінен орын алуы мүмкін болған бизнес тәуекелдерін барынша азайту және адам құқықтары, денсаулық және қауіпсіздік, қоршаған орта салаларында жауапкершілікті күшейту үшін заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету негізінде корпоративтік мәдениетті құру. Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз ету бағдарламасын басқару жүйесі, Заңдар мен ережелерге сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты тәуекелдерді басқару үшін әзірленген АТ жүйесі біздің аймақтарға тән саясаттарымызды және аймақтық мәселелерді бақылау мәліметтерін қамтамасыз етеді. Қызметкерлерімізде жұмысқа қатысты сұрақтар туындағанда немесе олар заңсыздықты анықтау үшін біздің нұсқаулығымызды жеткіліксіз деп тапқанда, біздің қолдау көрсету қызметіміз жұмыс істеп, қызметкерлердің сарапшыларға бетпе-бет жүгінуіне көмектеседі. Біздің қызметкерлеріміз үшін CPMS аясында әзірленген, заңдар мен ережелердің бұзылуын хабарлауға арналған жүйеміз хабарлаушылардың құпиялылығын сенімді түрде қорғайтын түрде жұмыс істейді.

Заңдар мен
ережелерге сәйкестікті
басқару процесі

  • Алдын алу

    Қызметкерлерге оқытуды ұсыну, нақты бағыттар бойынша нұсқаулықпен қамтамасыз ету, жүйелік тексерістен өткізу, қолдау қызметін басқару, жаңа және қайта қаралған ережелерді бақылау және басқару

  • Бақылау

    Арнайы бөлімшелердің немесе қызметкерлердің көмегімен тұрақты/бір реттік бақылау жүргізу

Құпиялылық саясаты

Біз өзіміздің бүкіләлемдік стандартты құпиялылық саясатымызды ресми түрде жариялап, әр аймаққа тән нормативтік шарттар мен жергілікті сипаттамаларды көрсететін тиісті саясаттарды жетілдірдік. Осындай күш салудың нәтижесінде біздің қызметкерлерімізге басқару регламеттері ретінде «Жеке ақпаратты өңдеу туралы бүкіләлемдік нұсқаулық» және «Жеке деректерді өңдеу аутсорсингін басқару нұсқаулығы» қамтамасыз етіледі. Біз өз процестеріміз бен жүйелерімізді тиісті саясаттарды күнделікті іскери мінез-құлқымызға енгізетіндей етіп басқарамыз және тексерістер жүргізуді жалғастырып, бүкіл компания аясында оқыту ұсынамыз.

 

Арнайы бөлімшелердің операциялары

Бас директордың тікелей басшылығымен Корпоративтік құқық бөлімінде Бүкіләлемдік құпиялылық бөлімшесін құру Тиісті бөлімделердегі құпиялық саясатына жауапты заңгерлерді тағайындау
 

Құпиялылық саясатының жұмысын/басқару жүйелерін тексеруді күшейту

Деректерді жинаудың, өңдеудің және жоюдың бүкіл процесін реттейтін тұтынушыларымыз бен қызметкерлеріміздің басқарушылық, техникалық және физикалық қорғаныс жүйесі үшін жұмыс істейтін жүйеліріміз бен қызметтерімізге қажетті жақсартуларды жасап, тұрақты түрде тексерістер орындап тұру
 

Құпиялылық саясаты бойынша оқыту

Бөлімге тән жұмыс сипаттамаларын (жоспарлау, зерттеу және дамыту, маркетинг, т.б.) есепке алатын онлайн/офлайн құпиялылық саясаты оқытуын, сондай-ақ барлық қызметкерлерді межелейтін негізгі оқытуды қамтамасыз ету
 

Құпиялылықты басқару жүйесінің жұмысы

Жоспарлаудан бастап тоқтатуға дейінгі барлық кезеңдерде деректердің құпиялылық тәуекелдерінің тізімін бақылау бойынша проактивті шараларды қолдану қажет, бұл ретте тізімді заңгерлердің қатысуымен де тексеру қажет.