Вертикалды шаңсорғыш Jet 75E VS20B75ACR5/EV

VS20B75ACR5/EV

  • 200 Вт-қа дейін сору қуаты
  • Jet Cyclone
  • 60 минутқа дейін тазалау
  • Тікелей инверторлы қозғалтқыш

Түс таңдаңыз

Түсі :
  • Жақсы тазарту көрсеткіші - белгішесі
    Жақсы тазарту көрсеткіші
  • Цифрлық инверторлық мотор - белгішесі
    Цифрлық инверторлық мотор
  • Jet Cyclone сүзгісі - белгішесі
    Jet Cyclone сүзгісі

Өте мұқият

Қуатты тазарту

Жақсы тазарту көрсеткіші

Әртүрлі еден беттерін максималды сору қуатымен тиімді тазартады. Цифрлық инверторлық мотор 200 Вт дейін сору қуатын шығарады*. Аэродинамикалық ауа жүйесі ауа ағынын оңтайландырады, ал мультициклонды ауа сүзгісі ұсақ шаң бөлшектерін тиімді ұстап қалады.

* IEC 62885-4 CL.5.8 стандартына сәйкес ішкі сынаққа негізделген. Аккумуляторлық батарея толық зарядтаулы күйде болғанда, Jet режимін қолдана отырып, керек-жарақсыз құралдың кірісінде өлшенген. Нәтижелер нақты қолдануға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Мықты сору қуаты

Цифрлық инверторлық мотор

200 Вт сору қуатымен тиімдірек тазалаңыз*. Цифрлық инверторлық мотордың ультрадыбыстық дәнекерленген аэродинамикалық профиль қалақтары ауа ағынын оңтайландырады. Осылайша ол 550 Вт** кіріс қуатын беріп, қуатты көбірек үнемдеп, соруға 200 Вт* шамасына дейін қуат береді. Сондай-ақ оның моторына 10 жылдық кепілдік беріледі***.

* IEC 62885-4 CL.5.8 стандартына сәйкес ішкі сынаққа негізделген. Аккумуляторлық батарея толық зарядтаулы күйде болғанда, Jet режимін қолдана отырып, керек-жарақсыз құралдың кірісінде өлшенген. Нәтижелер нақты қолдануға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.** IEC 60335-1 CL.10 стандартына сәйкес ішкі сынаққа негізделген.*** 10 жылдық кепілдік тек цифрлық инверторлық мотормен ғана шектеледі. 2023 жылдың қаңтарынан бастап сатылған барлық DIT модельдеріне қолданылады.

Экстремалды сору

Jet Cyclone сүзгісі

Jet Cyclone сүзгісінің жоғары тиімділігі мен мультициклонды құрылымының арқасында анағұрлым таза ауа мен экстремалды сору қуатынан ләззат алыңыз. Оңтайлы ауа жолы ауа кедергісін азайтады және 27 ауа кірісі бар 9 циклон сору қуатының жоғалуын барынша азайтады. Сондай-ақ ол шаңсорғышқа сорылатын ұсақ шаң бөлшектерін гигиеналық түрде ұстап қалады.

Сүзу

Таза ауа шығарады

99,999 % көп қабатты сүзу жүйесі

Көп қабатты сүзу жүйесі шаңды 99,999% тартады**. Негізгі циклонды сүзгі және металл торы бар сүзгі ірі шаң бөлшектерін ауа кіргенде ұстап қалады. Сосын Jet Cyclone сүзгісі мен микросүзгі ұсақ шаңды ұстайды. Ақырында ұсақ шаң сүзгісі оңай шығып кететін микрошаңды** ұстап қалады.

* IEC 62885-4 CL.5.11 стандартына сәйкес, Jet режимі пайдаланылған ішкі сынаққа негізделген. Нәтижелер нақты қолдануға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.** 0,5-4,2 мкм ауқымындағы шаң бөлшектеріне қатысты.

Жеңіл

Күш салмай тазалау

Жеңіл салмақты дизайн

Үйіңізді оңай бақылау және қозғалу арқылы күш салмай тазалаңыз. Жеңіл дизайн максималды пайдалануға мүмкіндік береді және қолыңызға түсетін күшті азайтады. Денеге түсетін салмақ тек 1,66 кг, ол қалыпты Samsung шаңсорғыштарынан 12%-ға жеңіл*. Сонымен үйіңізді толықтай оңай тазалап шығуға болады.

* Samsung VS8000 құралымен салыстырғанда. Көтерген кезде денеге түсетін салмағы: Jet 75E 1,66 кг және VS8000 1,89 кг.

Батарея

60 минутқа дейін тазалай алады*

Алынбалы және ұзақ жұмыс істейтін батарея

Қайта қуаттамай, ұзақ уақыт тазалаудың пайдасын көріңіз. Сыйымдылығы жоғары батареясы 60 минутқа дейін соруға мүмкіндік береді*. Және сіз басқа қосымша батарея** салып, тағы 120 минут тазалай аласыз. Ол бастапқы көрсеткішінің 70 %-ын 500 циклге дейін сақтайды***.

* Мәлімделген жұмыс уақыты моторсыз құралды жалғай отырып, сыйымдылығы жоғары аккумуляторлық батареяны (2000 мА) пайдаланған және қуат деңгейі минималды болған кезде жарамды. Нәтижелер нақты қолдануға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.** Қосымша батарея бөлек керек-жарақ ретінде бөлек сатылады.*** Аккумуляторлық батарея блогы сыйымдылығының (2000 мА) негізінде 500 цикл пайдаланудан кейін де сыйымдылығының 70 %-ын сақтап қалады. 1 цикл: Толық зарядтаған соң, зарядын толық пайдаланыңыз (100 % ~ 0 %). Нәтижелер нақты қолдануға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ішкі сынаққа негізделген.

Ыңғайлылық

Ыдысы толығымен жуылады

Шаң жинайтын ыдысы жуылады

Көлемі 0,8 л қоқыс контейнері, мультициклонды жүйесімен бірге толығымен жуылады, осылайша, оны таза күйде сақтауға болады*. Оны құбырын корпусынан ажыратпай шешіп алуға болады, сондықтан оның ішінде шаңды оңай төгуге болады.

* Тазалап болған соң, пайдаланбас бұрын ұсақ шаң сүзгісін күн түспейтін жерде 24 сағаттан астам уақыт бойы толықтай кептіріңіз.

Бір қарап тексеріңіз

СК цифрлық дисплей

СК цифрлық дисплейі бар шаңсорғышты интуитивті түрде басқарыңыз. Көз қырыңызды салып-ақ, сору деңгейі мен аккумуляторлық батареяның қалған уақытын көре аласыз. Сондай-ақ ол мәселелер туралы ескертеді және шешімдер ұсынады. Зарядталып жатқанда, қаншалықты зарядталғанын көрсетеді.

* Көрсетілген уақыт нақты пайдалану уақытынан өзгеше болуы мүмкін және ол секунд сайын жаңарып отырады. Пайдалану уақыты қанша рет пайдаланылғанына қарай қысқаруы мүмкін.

Икемді зарядтағыш

2 функциялы зарядтағыш станция

Шаңсорғышты 2-і 1 зарядтау станциясымен сақтаңыз және зарядтаңыз. Егер үйде орын босатқыңыз келсе, оны қабырғаға іліп қоюға болады. Немесе оны жеке қуаттандырғыш ретінде пайдаланып, батареяны шығарып алып, кез келген жерде зарядтауға болады.

Щетка

Кілемдер үшін қуатты

Турбо әрекетті щетка

Кілем мен қатты еден үстіндегі ұсақ шаң мен үй жануары жүнін турбо әрекетті щеткамен* сорып алыңыз. Ол минутына 3750 рет айналады**. 180 градусқа айналатын басы бағытты оңай ауыстырып, әр бұрышты тазалауға мүмкіндік береді. Сондықтан айналмалы барабанды бір басып шығарып, оған қызмет көрсете аласыз.

* Бірге берілетін щеткалар мен керек-жарақтар әр модельдің компоненттеріне байланысты өзгеше болады. ** Минималды, орташа және максималды режимде ішкі сынақ нәтижелеріне сәйкес. Нәтижелері жеке пайдалануға байланысты өзгеруі мүмкін.

Қатты еденді тазарту

Жұмсақ әрекетті щетка*

Қатты едендегі және қуыстардағы ұсақ шаңды антистатикалық күміс қылшықтары бар жұмсақ әрекетті щеткамен* жинаңыз. 180 градусқа айналатын басы жан-жақтан шаң жинауға мүмкіндік береді және үй жануарларының шашының ішіне кептеліп қалуына жол бермейді. Ролик бір рет басу арқылы ажыратылады.

* Бірге берілетін щеткалар мен керек-жарақтар әр модельдің компоненттеріне байланысты өзгеше болады. ** Минималды, орташа және максималды режимде ішкі сынақ нәтижелеріне сәйкес. Нәтижелері жеке пайдалануға байланысты өзгеруі мүмкін.

Қатты еденді жуу

Бұрылмалы сыпырғыш*

Оның қос бұрылмалы ылғал жастықтары көп күш салмай-ақ тиімді жууға көмектеседі. Оған көп рет қолданылатын микроталшықты маталарды немесе бір реттік ылғал сүлгілерді пайдалануға болады. Ол 80 минутқа** дейін жұмыс істейді, осылайша сіз қатты едендеріңізді мұқият жуа аласыз.

* Бірге берілетін щеткалар мен керек-жарақтар әр модельдің компоненттеріне байланысты өзгеше болады. ** Көрсетілген жұмыс уақыты бұрылмалы сыпырғыш жалғанғандағы «Ылғал» режиміндегі жұмысқа қатысты.

Керек-жарақтар

Жауар жүнін сорып алады

Pet Tool (қосымша)

Үй жануарының жүнін тазалау машақатынан арылыңыз. Шағын әрі оңай басқарылатын Pet Tool щеткасының резеңке саптамасы мен қылшақтары бар болғандықтан, ол үй жануарының көзге байқалмайтын жүнін жинау үшін оңтайландырылған.

Тереңінен тазалау & кішкентай

Ойықты тазалайтын құрылғы

Диванның артқы жағындағыдай терең ойықтарға немесе кішкене жерлерге жетіп, Ойықты тазалайтын құрылғыны пайдаланып шаң мен кірді тиімді түрде жинап алыңыз. Тіпті жетуге қолайсыз жерлерді тазалау үшін ұзындығын 43 см дейін ұзартуға болады.

Көптеген бетті тазалайды

Тіркесім құралы (Шаңды тазалау және қаптау құралы)

Әртүрлі жиһаздарды одан да тиімдірек тазалау. Тіркесім құралы кірді жинайтын жұмсақ бетке ие, сонымен қатар шаң тазартуға арналған щетка құралына айналады, сол үшін әр түрлі беттерді тазалауға өте ыңғайлы.

Қорапта не бар

Сипаттамалары

  • Өнімділігі 550 Вт
  • Шаңжинағыш көлемі 0.8 л
  • Салмағы 2.6 кг

{{family.currentModel.displayName}}

{{family.currentModel.modelCode}}

Түсі : {{chip.displayName}}
{{model.prices.currentPriceDisplay}}
Айына {{model.prices.monthlyPrice}} , {{model.prices.months}} айға бөліп төлеу
немесе {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price without VAT: {{model.prices.vatFreePriceFormatted}}

Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}

Price before: {{model.prices.priceDisplay}}

{{model.prices.priceDisplay}} {{model.prices.savePrice}}
  • {{summary.title}}

    {{summary.value}}{{summary.unit}}

  • {{summary.title}}

Модельдерді салыстырыңыз

Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз

ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР

Функционалды мүмкіндіктері алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.