Jet шаңсорғыштарын салыстырыңыз
Сізге келетін үлгіні таңдап алыңыз
Пәтер ауданы:
Келесі пайдаланушыларға арналады:
** Сынақтар Мах режимінде IEC62885-2 стандарты бойынша өткізілді.
Сору қуаттылығы 200 Вт* дейін
Ең қысқа мерзімде керемет нәтиже көрсетеді
Jet шаңсорғыштарының теңдесі жоқ сору қуаты бар. Оның арқасында кез-келген бетіндегі шаңның ең ұсақ бөлшектерінен бірнеше минут ішінде арылуға болады. Енді тазалауға өте аз уақыт кетеді және мінсіз нәтиже көрсетеді.
Үлгіні таңдаңызКөпдеңгейлі сүзу жүйесі
Сіздің үйіңіздегі таза атмосфера
Аллергиядан қиналатын адамдарға ең қажетті нәрселердің бірі -
таза ауа.
Jet шаңсорғыштары аллерген мен шаңның ең кішігірім бөлшектерін
сіңіретін көпдеңгейлік сүзілу жүйесімен жабдықталған.
Ендігәрі тазалаудан кейін үйдегі ауа таза және зарарсыз болады.
Clean Station жүйесі
Нәтиже ұзақ уақытқа сақталсын
Тазалау нәтижесі бірнеше күнде жойылатын кездер де болады. Себептердің бірі — контейнерден шыққан шаң қоқыс жәшігін төңкерген сәтте ауаға қайта оралады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін біз Clean Station инновациялық құрылғыны ойлап шығардық. Ол контейнердегі шаңның бәрін оңай лақтырып тастауға болатын ауа өткізбейтін пакетке жинайды. Сіз үйдегі шаңнан біржолата құтыласыз, ал тазалау нәтижесі ұзақ уақытқа созылады.
Үлгіні таңдаңыз60 минутқа жетерлік қуат
Қайта зарядтауды қажет етпейтін жылдам тазалау
Көптеген сымсыз шаңсорғыштардың батареясы тез бітеді, қайта
зарядтауға және кейінге қалдыруға да тура келеді.
Jet шаңсорғыштары — ережелерге бағынбайтын ерекше жағдай. Бір
заряд бір сағатқа жетеді*, сіз үйіңізді тазалап үлгересіз және сіз
өзіңіз үшін маңызды нәрселерге уақыт бөле аласыз. Сонымен қатар,
аккумуляторды 500 есеге дейін қайта зарядтауға болады**, сондықтан
Jet — сіздің үйіңізді ұзақ уақыт бойы таза ұстауға тамаша
инвестиция.
** Жылына 100 разрядтау/зарядтау циклі кезінде 5 жыл пайдаланғаннан кейін аккумулятордың жалпы қуатының (1800 мАсағ) 70% сақтайды. 1 цикл: зарядталған аккумулятордың толық разрядталуы.
Ауыстырмалы саптамалар
Әрбір бөлмеде —
мінсіз тазалық
Ас үйдегі керамикалық плиткалар болсын, ванна бөлмесіндегі жұмсақ
төсеніш немесе қонақ бөлмесіндегі былғары диван болсын — Jet
шаңсорғышы кез-келген бетті тазартуға өте ыңғайлы.
Антистатикалық күміс жіптері бар, тегіс беттерге арналған
Soft Action щеткасы еден жууға келеді, айналмалы щетка болса
кілемдерді тазалауға көмектеседі, ал 180 градусқа бұрылатын
қондырма жиһаз астындағы беттерде және үйдің бұрыштарында мінсіз
тазалыққа қол жеткізуге көмектеседі.
Тазалауға қиын жерлердегі, шкафтың беттеріндегі және қабырға мен
жиһаздың арасындағы саңылаулардағы шаңнан оңай арыласыз. Ол үшін
тек икемді саптаманы немесе ойықты қолданыңыз.
Жуылатын контейнер
Тазалаудан кейінгі соңғы штрих
Шаңсорғыш контейнері судан қорықпайды, сондықтан оны тазалағаннан кейін оңай шаюға болады
Үлгіні таңдаңыз