«Galaxy Z Fold6, Galaxy Z Flip6 алдын ала тапсырыс бойынша ұтысы»
ЖАРНАМАЛЫҚ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Galaxy Z Fold6, Galaxy Z Flip6 алдын ала тапсырыс бойынша ұтысы»жарнамалық науқанына (бұдан әрі – «Науқан») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және науқанның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Қатысушы науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушының ресми интернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжай бойынша:https://www.samsung.com/kz_kz (бұдан әрі – «Науқан сайты») жарияланған Науқанға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») келісетіндігін білдіреді.

1. Жалпы ережелер:

1.1.Ұйымдастырушы:«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.

1.2.Науқанды өткізу кезеңі:2024 жылдың 10 шілденін 18:00 бастап 06 тамаздын қоса алған мерзімде Астана қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.

1.3Науқанды өткізу аумағы:Қазақстан Республикасының аумағы;

1.4 Науқан өткізу тәсілі: Акция осы Ережелерде көрсетілген, Акция Сайтындағы SAMSUNG онлайн-дүкенінде сатып алынған барлық тауарларға қолданылады.

2. Акцияға қатысушы

2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын жеке, өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады (бұдан әрі – «Қатысушы»).

2.2 Науқанға Ұйымдастырушының қызметкерлері, олармен байланысты тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Науқанды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты басқа да компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.

2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4. Қатысушы Науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

3. Науқанның сипаттамасы

3.1. Осы Ережелерге сәйкес әрбір Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған және Galaxy Z Fold6 немесе Galaxy Z Flip6 алдын ала тапсырыс рәсімдеген жағдайда, Ұйымдастырушыдан осы Ережелерде қарастырылған сыйлықты/жүлдені алу мүмкіндігін иеленеді.

4. Науқанның қатысу шарттары

4.1. Науқанға қатысу үшін Қатысушы келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:

- 2024 жылдың 10 шілденін 18:00 бастап 06 тамаздын қоса алған мерзімде Астана қ. уақытымен сағат 23:59 дейін, SAMSUNG Galaxy Z Fold6 (SM-F956) немесе Galaxy Z Flip6 (SM-F741) (бұдан әрі – «Тауар») жаңа флагмандарына алдын ала тапсырыс рәсімдеп, ыңғайлы алдын ала төлем тәсілін таңдап және 100% (жүз пайыз) Тауар соммасын енгізіп немесе бөліп төлеу тәсілімен төлем жасау;

- Науқан сайтында алдын ала тапсырыс рәсімдеу кезінде тиісті жолдарда таңдаған Тауардың мәліметін, өзіңіздің жеке байланыс мәліметтеріңіз және қосымша қажетті ақпараты енгізу;

- рәсімделген Тауар тапсырысын растау;

- Тауармен бірге Ұйымдастырушыдан төменде көрсетілген 1-Кестеге сәйкес Сыйлақ алу.

1 - Кесте

2024 жылдың 10 шілденін 18:00 бастап 06 тамаздын қоса алған мерзімде Астана қ. уақытымен сағат 23:59 дейін

алдын ала тапсырыс рәсімдеу кезінде

ТАУАР

СЫЙЛЫҚ

SAMSUNG Z Fold6 (SM-F956)

SAMSUNG S Pen Case ef-of95pc

SAMSUNG Galaxy Z Flip6 (SM-F741)

SAMSUNG Silicone Case ef-pf741t

 

5. Сыйлақтар

5.1 Осы Науқанға сәйкес, негізгі Ереженің 4-ші тармағында көрсетілген барлық шарттарын орындаған Қатысушы, 1-Кестеге сәйкес Сыйлақ алады.

5.2. Науқан Қатысушысымен Науқан сайтында алынған Тауарға 1-Кестеге сәйкес Сыйлықтар («Сыйлық»):

˗ SAMSUNG S Pen Case ef-of95pc; немесе

˗ SAMSUNG Silicone Case ef-pf741t (SM-R510%)

5.3. Әрбір Қатысушы Науқан кезінде рәсімделген Тауарға тек 1 (бір) Сыйлық ала алады.

5.4. Сыйлықтың тусі мен моделі оның Науқан сайтында болуына байланысты және суреттен өзгеше болуы мүмкін.

5.5. Сыйлақтар жеткізу Жеңімпаз анықталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізуді, салықтарды төлеуді немесе өзге де төлемдерді талап етсе, осындай төлемдерді жүзеге асырмаңыз, шұғыл түрде Ұйымдастырушыны хабардар етіңіз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі жағында көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттері арқылы хабарласуға болады.

5.6. Науқан Қатысушы жеке байланыс ақпаратпен жеткізу мекен-жайын қате көрсеткен жағдайда, Ұйымдастырушы жауапкершілік артпайды.

5.7. Акцияны өткізу кезеңінде белгілі бір себептермен табысталмаған сыйлықтар, соның ішінде Акция Қатысушысына оның бас тартуы себебінен жеткізілмеген сыйлықтар, алған промокод/кодты активацияламау немесе электронды пошта мекенжайы қате көрсетілсе, сыйлықтар сұрауы жоқ болып табылады. Сұрауы жоқ сыйлықтар сақталмайды және Ұйымдастырушы оларды өз бетімен қолдана алады.

5.8. Ережелерде сұрауы жоқ сыйлықтарды сақтауды және сұрау мүмкіндігінің осы Ережелерде көрсетілген мерзімі аяқталған соң сақталуы қарастырылмаған.

5.9. Сыйлық алған уақыттан бастап Акция Қатысушысы оны абайсыздан істен шығару және/немесе оның бүлінуі тәуекелін өзі көтереді.

5.10. Тауарды қайтарған жағдайда Сыйлық қайтарылады. Қайтару мен ауыстыру Ұйымдастырушының Акция Сайтындағы Көпшілік шартына сәйкес реттеледі.

5.11. Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Қатысушы Сыйлық алу үшін міндетті:

˗ Жеке куәлігінің /ықтиярхатының көшірмесін ұсыну;

˗ Сыйлықты жеткізу үшін нақты мекен˗жайын көрсету.

˗ Сыйлықтың сатып алынған уақытын және фактісін растайтын құжат, сонымен қатар тауырдың чегімен кепілдік талонын ұсыну;

˗ Жеткізу парағын/ қордағыны сыртқа жіберу туралы құжатты толтыру және қол қою;

˗ Фото/видео түсірілімге қол қою;

˗ Қолындағы сыйлықпен фотоға түсу;

5.12. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:

˗ Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

˗ Қатысушы деректері жалған/қате берілсе;

˗ Тауарды қайтарған жағдайда;

˗ Сыйлықты алу үшін алаяқтық фактілер немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;

˗ Ұйымдастырушы/серіктес ұтыс нәтижесі шыққан күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Қатысушымен байланыса алмаса;

˗ Жоғарыда 5.11. тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартса.

6. Акция Қатысушысының құқықтары мен міндеттері

6.1. Акция қатысушысының құқықтары:

˗ Осы Ережелермен танысу;

˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗ Акция Сайтындағы байланыс арналары мен көпшілік ресурстарда Акцияның мерзімдері мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗ Акция сайтында осы Ережелердің өзгертулері туралы ақпарат алу;

˗ Акция Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

˗ Осы Ережелерге сәйкес Сыйлықты беруді сұрау;

6.2. Акция Қатысушысының міндеттері:

˗ Акцияға қатысумен байланысты Ережелерді ұстану, соның ішінде осы Ережелерде бекітілген мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығынды өз бетімен көтеру, соның ішінде Интернет, телефон және т.б. (бірақ мұнымен шектелмейді) шығындар.

˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді көтеру.

7. Акция Ұйымдастырушысының құқытары мен міндеттері:

7.1. Ұйымдастырушының Құқықтары:

˗ Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

- Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
- Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

˗ Осы Ережелердің 4.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлық беруден бас тарту;

˗ Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.

7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:

˗ Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

˗ Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

˗ Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

˗ Ережелердің 4.1 т. сәйкес барлық шарттарды дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция шеңберінде Сыйлықтар беру.

8. Өзге шарттар

8.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Жүлдені алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе алаяқтық және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.

8.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

8.3.Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.

8.4. Отдел контроля качества обслуживания Организатора может выйти на связь с Участником, путем звонка по контактному номеру телефона, предоставляемым Участником, для получения обратной связи в рамках данной акции. Участник в праве отказаться от предоставления комментариев.

8.5.Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін ұсынуды және куәлік көшірмесін беруді талап етуі мүмкін.

8.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:

Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:


8-10-800-500-55-500– стационарлық телефонды қолдаудың бірыңғай қызметі;

7799– ұялы телефонды қолдаудың бірыңғай қызметі