ПРАВИЛА УЧАСТИЯ В РЕКЛАМНОЙ АКЦИИ
«Розыгрыш по предзаказу Galaxy Z Fold6, Galaxy Z Flip6»

«Galaxy Z Fold6, Galaxy Z Flip6 алдын ала тапсырыс бойынша ұтысы»жарнамалық акциясына (бұдан әрі – «Акция») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушының ресми иинтернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжай бойынша:https://www.samsung.com/kz_kz (бұдан әрі – «Акция сайты») жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») келісетіндігін білдіреді.

1. Жалпы ережелер:

1.1. Ұйымдастырушы:«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.

1.2. Акцияны өткізу кезеңі:2024 жылдың 10 шілденін 18:00 бастап 06 тамаздын қоса алған мерзімде Астана қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.

1.3. Акцияның қорытындыларын жариялау кезеңі: 2024 жылдың 22 тамызы.

1.4. Акцияны өткізу аумағы:Қазақстан Республикасы.

2. Акцияға қатысушы

2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын жеке, өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады (бұдан әрі – «Қатысушы»).

2.2. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.3. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

3. Акцияның сипаттамасы және қатысу шарттары

3.1. Осы Ережелерге сәйкес әрбір Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, осы Ережелердің 4 тарауында қарастырылған сыйлықты/жүлдені алу мүмкіндігін иеленеді.

3.2. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:

3.2.1. Акцияны өткізу кезеңінде Қатысушыға Акцияның сайтында келесі мекенжай бойынша жаңа флагманға алдын ала тапсырыс беру керек.

4. Жүлделер

4.1. Жеңімпаздар үшін акция бойынша жүлде SAMSUNG тауар белгісімен келесі құрылғылар (бұдан әрі – «Жүлде») болып табылады, атап айтқанда:

1. Galaxy Z Fold6 - 1 дана.

4.1.1. Осы Ережелердің 3.2 тармақшасында көрсетілген Акцияға қатысу тәсілі Қатысушылар арасында 1 (бір) Жеңімпазды қарастырады.

4.1.2. Акцияның шеңберінде алынған Жүлдеге осындай типке жататын тауарларға қойылатын стандартты кепілдік әрекет етеді.

4.1.3. Жүлденің нақты түсі тауардың қоймада болуына тәуелді, ол Акция сайтындағы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желісінің аккаунттарындағы кескіннен өзгеше болуы мүмкін.

4.1.4. Жүлдені жеткізу Жеңімпаз анықталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізуді, салықтарды төлеуді немесе өзге де төлемдерді талап етсе, осындай төлемдерді жүзеге асырмаңыз, шұғыл түрде Ұйымдастырушыны хабардар етіңіз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі жағында көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттері арқылы хабарласуға болады.

4.1.5. Қатысушы осы Ережелерде көзделген барлық шарттардың талаптарын орындаған жағдайда Жүлдені алу үшін келесі іс-әрекеттерді орындауға міндетті:

- жеке басын куәландыратын құжатты /тұруға ықтиярхатты ұсынуды. Бұл ретте, жеке куәлік / тұруға ықтиярхат деректері қатысу нысанында тіркеу кезінде көрсетілген деректермен сәйкес келуі тиіс;

- Жеткізу парағын/тауарларды шетке шығару шығыс қағазын толтыру және қол қою;

- Фото/бейне түсіруге келісімге қол қою;

- Жүлдені қолда ұстап фотосуретті түсіру.

4.2. Осы ретте Ұйымдастырушы Жүлделердің санын өз бетімен анықтау, сондай-ақ оларды өзгерту құқығын өз артынан қалдырады.

4.3. Жүлделерді ақшалай қаражатқа немесе өзге де тауарларға айырбастауға болмайды. Акцияның қатысушылары Жүлдені алудан бас тартуға құқылы, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақылар жүзеге асырылмайды.

4.4. Жүлдені алу құқығы өзге тұлғаларға беріле алмайды.

4.5. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан және Жүлдені алу мүмкіндігінен айырылады:

˗ Акцияның қандай да бір шарттары бұзылғанда;

˗ Қатысушы сенімсіз/қате деректерді бергенде;

˗ Ұйымдастырушы/серіктес Қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмау мүмкіндігі орын алғанда;

˗ Алаяқтық әрекеттердің немесе өзге де заңға қарса әрекеттердің орын алу фактілері анықталған жағдайда;

˗ Осы Ережелердің 4.1.5 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартқан кезде.

5. Акция Жеңімпаздарын анықтау тәртібі

5.1. Ұйымдастырушы Астана қ. уақыты бойынша 23:59 дейін 2024 жылдың 07 тамыздан 21 тамызын қоса алған мерзімде жіберілген Қатысушының тіркеу деректерін модерациялауды және жинауды жүзеге асырады;

5.2. Қатысушылар арасындағы Жүлдені анықтау ұтысы2024 жылдың 22 тамызындаSamsung Kazakhstan Instagram- парақшасында (@samsungkz)тікелей эфирде жүзеге асырылады, онда жеңімпаздар кездейсоқ сандардың генераторы көмегімен анықталатын болады.

5.3. Өткізілген Акцияның нәтижелері және жеңімпаздардың тізімі Акцияның сайтында2024 жылдың 22 тамызынанкешіктірмей жарияланатын болады.

5.4. Егер Жеңімпаз атанған Қатысушы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысқа шықпаса, онда Қатысушылардың резервті тізіміндегі бірінші үміткер Жеңімпаз болып танылады. Осы ретте резервті тізім ретінде ұтыс ойны кезінде анықталған әлеуетті жеңімпаз үміткерлердің тізімі танылады. Егер осы резервті қатысушылар модерациялан өтпесе, Ұйымдастырушы Акцияны қандай да бір қосымша ұтыс ойындарынсыз және резервті тізімнің қатысушыларын хабардар етпей аяқтауға құқылы.

5.5. Акция аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы Жүлдені алу жөніндегі нұсқауларды беру үшін Жеңімпазбен байланысады.

6. Өзге шарттар

6.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Ережелерде бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.

6.2. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Жүлдені алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе алаяқтық және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.

6.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

6.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.

6.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға/Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалынуы мүмкін. Қатысушы/Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

6.6. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін ұсынуды және куәлік көшірмесін беруді талап етуі мүмкін.

6.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін ұсынуға, сондай-ақ басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Акцияға байланысты болмайтын өзге де мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді.

6.8. Ұйымдастырушының Акцияны өткізудің Ережелеріне сәйкес Акцияны өткізуге байланысты барлық сұрақтары бойынша қабылдаған шешімдері түпкілікті болып танылады.

6.9. Акцияның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана іс-әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті емес орындағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

6.10. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

6.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаздың, әлеуетті Жеңімпаздың және (немесе) Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса, ол қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, онда Ұйымдастырушы осындай Жеңімпаз немесе әлеуетті Жеңімпаз және (немесе) Қатысушыны қатыстырмауға құқылы және осындай қатысудан шектетілген Жеңімпаз немесе Қатысушы қандай да бір жерде хабарланса, бейнеленсе немесе жарияланса да, Ұйымдастырушы оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

6.12. Осы Ережелердің кез келген талаптарының жарамсыздығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа талаптардың растығына немесе оларды орындауға әсер етпейді. Егер қандай да бір талап жарамсыз немесе өзгеше орындалмайтын болса, не заңға қайшы келсе, онда осы Ережелердің қалғаны қолданысын жалғастырады және осында жарамсыз немесе заңға қайшы талаптар болмағандай бекітілген талаптарға сәйкес түсіндіріледі.

6.13. Егер кез келген тұлға жалған ақпаратты ұсынып, заңға қарсы құралдар арқылы қатысса немесе басқаша айтқанда, оның сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзғаны танылса, Ұйымдастырушы осындай тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуін талап етуге құқылы.

6.14. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:

 

8-10-800-500-55-500– стационарлық телефонды қолдаудың бірыңғай қызметі;

7799– ұялы телефонды қолдаудың бірыңғай қызметі.