Smart TV дегеніміз не?

Тек сіз ұнататын көріністі көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ сіз ұнататынды тауып беретін теледидар қалайсыз ба? Smart TV қандай пайда әкелуі мүмкін екенін қарастырайық.

Smart TV нені білдіреді?

Көптеген адамдар Интернеттен Smart TV анықтамасын іздейді. Әртүрлі сайттарда пікірлер әртүрлі болғанымен, барлығы Smart TV интернетке қосылатынына, операциялық жүйеде жұмыс істейтініне және өзінің қолданбалар сервисіне ие екеніне келіседі.

Қысқасы, теледидар + интернет + қосымшалар = Smart TV.

Ақылды теледидардың ортасында интернет белгішесі сол жақта, қолданбалар белгішесі оң жақта орналасқан, бұл Smart TV мүмкіндіктерін білдіреді.

SMART TV сатып алуға төрт кеңес

Алуан түрлі контент

Smart теледидарының ең үлкен құндылығы — кәдімгі телеарналардан тыс контентті тамашалау мүмкіндігі. Smart теледидарының Netflix, Amazon, YouTube сияқты сүйікті VOD сервистері және Spotify тәрізді музыканы трансляциялау сервистері бар, ол тіпті өзіңіздің қалауыңыз бойынша тамашалай алатын әртүрлі ойындары мен спорт контентін ұсына алады. Қазіргі таңда Smart теледидардан тіпті бұрын телевизиялық жалғамамен ғана қолжетімді болатын ақылы кабельдік және спутниктік телехабарларды да қарауға болады, бұл үшін сізге тек қана кабельдік немесе спутниктік телекомпания ұсынатын қолданбаны орнату қажет.

* Интернет қосылысы және контент қызметіне жазылу қажет.

Жылдам іздеу функциясы

Қанша контент болса да, маңыздысы оны бірден таба білу. Интернетте қолжетімді және шексіз контентте не көретіндігіңізді таңдау оңай мәселе емес. Сондықтан ыңғайлы іздеу функциясының болуы маңызды.

Ыңғайлы пайдалану

Үлкен Smart теледидары сіз HDMI арқылы қосатын кез келген құрылғыны автоматты түрде анықтап, бірнеше қашықтан басқару пультін пайдалану қажеттілігін жояды. Қашықтан басқару пульттерін айқай салып, апыл-ғұпыл іздеген күндеріңіз артта қалды. Теледидардың қашықтан басқару пультімен сіз тіпті телевизиялық жалғамаңыздан таратылатын контентті ойната/тоқтата аласыз.

Танымалдылыққа ие болып жатқан тағы бір ерекшелігі — дауыс тануы. Smart теледидарыңызды басқару үшін теріп енгізу немесе қозғалыс сенсорларын пайдаланудан әлдеқайда ыңғайлы. Ол контентті немесе ақпаратты іздеу кезінде ыңғайлы.

Жеңіл байланыс

Smart TV-ның басқа құрылғыларға оңай қосылатынын не қосылмайтынын тексеру жаңа Smart TV-ын таңдау кезіндегі маңызды талап болып табылады. Сіз міндетті түрде ұнаған конттентті үлкенірек экранда көру үшін смартфонды теледидарға жалғайсыз. Телефоныңыздағы суреттер мен бейнелер оларды үлкен экранда көргенде мүлдем басқаша әсер береді.

IoT кең тараған танымалдылыққа ие, сондықтан, әрине, үй ішіндегі түрлі интернетке қосылатын құрылғылармен оңай қосылу мүмкіндігі талап етіледі. Ойлап көріңізші, жұмыстан шығып үйге бара жатқанда телефоннан фильмді тамашалап, үйге келген бойда оны бірден теледидар экранында көруді жалғастыра аласыз.

Теледидар ақылды бола бастады.
Ақылды теледидардың соңғы мүмкіндіктерін қараңыз
  • * Экранды көрсету: Экранды көрсету мүмкіндігін пайдалану үшін мобильді құрылғыңызда Screen Mirroring немесе Smart View функциялары жұмыс істеуі қажет. iPhone құрылғылары AirPlay функциясын пайдаланады.
  • * Samsung теледидарыңыз бен мобильді құрылғылардың бір желіге қосылғанына көз жеткізіңіз.
  • * Кейбір модельдерде үйлесімділік мәселелері туындауы мүмкін екенін ескеріңіз, сондықтан сатып алар алдында, олардың үйлесімділігіне көз жеткізіңіз.

Телеарналардан тыс.
Контент әлемі сізді күтеді.

Таңдауға көмектесіңіз

Ойыңыздағы мінсіз теледидарды тауып, оны бірнеше қарапайым қадамды орындап, иеленіңіз

* Экрандағы контент ұқсастырылған суреттер болып табылады және тек демонстрациялық мақсаттарға арналған.

* Smart TV және графикалық пайдаланушы интерфейсіндегі (ГПИ) қолжетімді қызметтер мен мүмкіндіктер аймаққа және/немесе үлгіге қарай әртүрлі болуы мүмкін.

* Пайдаланушылар өнімді пайдаланбас бұрын, Smart Hub ережелері және шарттарымен және құпиялылық саясатымен келісуі керек.

* Үйлесімді операциялық жүйе (ОЖ) немесе қолданба қажет.

* Теледидар және қашықтан басқару пультінің пішіні үлгіге және/немесе аймаққа қарай әртүрлі болуы мүмкін.

* Графикалық пайдаланушы интерфейсі (ГПИ), өнім дизайны, функциялар мен техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

* Samsung аккаунты қажет.