Samsung теледидарын қалай тіркеуге болады

Соңғы жаңартулардың күні : 25.06.2024

Сізде жаңа Samsung Smart TV бар ма? Теледидарды тіркеуді ұмытпаңыз және біздің клиенттер үшін қосымша қызметтерден ләззат алыңыз. Біз сіздің өніміңізді тіркеудің артықшылықтары және оны қалай тіркеу керектігі туралы сөйлесеміз. Теледидарды тіркеудің екі әдісі бар: тікелей теледидарда немесе Samsung Members қолданбасында.

Теледидарды тіркеудің артықшылықтары

Өнімдеріңізді тіркеу бір есептік жазба арқылы тіркелген өнімдеріңіз үшін жылдам қолдауды және барлық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сіздің есептік жазбаңыз келесі қосымша артықшылықтарды ұсынады:

  • Өнім туралы толық ақпарат Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығында қолжетімді, бұл құжаттарды оңай табуға және сұрауларды тезірек өңдеуге мүмкіндік береді.
  • Соңғы нұсқаулықтарды, жиі қойылатын сұрақтар мен нұсқаулықтарды жүктеп алыңыз.
  • Өз бетіңізше қызмет көрсету сұрауын жасау арқылы мәселелеріңіздің шешімдерін онлайн табу мүмкіндігі.
  • Интернеттегі қызмет күйін бақылау.

2020 жылғы шығарылымдағы өнімдерді тіркеу

Теледидарды тіркегеннен кейін сериялық нөмірді әр уақытта тексеріп, хабарлаудың қажеті жоқ. 2020 жылғы теледидар үлгілері тікелей теледидарға тіркелуге мүмкіндік беретін жаңа ыңғайлы тіркеу мүмкіндігін ұсынады. Теледидар туралы сұрақтар қою немесе қолдау қызметіне хабарласу үшін сізге теледидардың сериялық нөмірі қажет болуы мүмкін. Теледидарға тіркелу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

1-қадам. Пульттегі Home (Басты) түймесін басып, Samsung Account (Samsung есептік жазбасы) таңдаңыз.

Samsung есептік жазбасының мәзірі

2-қадам. Samsung есептік жазбасына кіріңіз. Сіз мобильді құрылғыда тіркелген Samsung есептік жазбасын пайдалана аласыз.

Samsung есептік жазбасына кіру

Ескерту. Егер сізде Samsung есептік жазбасы болмаса, өнімді тіркеуді жалғастыру үшін оны құру керек.

3-қадам. My Account (Менің есептік жазбам) ішінен TV Registration (Теледидарды тіркеу) тармағын таңдаңыз.

Теледидарды тіркеу

4-қадам. Теледидар экранындағы шарттарды оқығаннан кейін Agree & Register (Келісу және тіркеу) түймесін басыңыз.

Теледидарды тіркеу

5-қадам. Тіркеу аяқталғаннан кейін жабу үшін Enter пернесін басыңыз.

Теледидарды тіркеу

Ескерту. Құрылғының скриншоттары мен мәзірі тек ағылшын тілінде — олар сіздің еліңіздің тілінде де қолжетімді.

Samsung Members көмегімен өніміңізді тіркеңіз

Samsung Members қолданбасын орнатыңыз және Samsung өнімдерін тіркеу үшін Samsung есептік жазбаңызға кіріңіз. Өнімді тіркеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

1-қадам. Samsung Members қолданбасын іске қосып, экранның төменгі жағындағы Get Help (Қызмет) түймесін басыңыз.
2-қадам. Register (Тіркеу) түймесін басыңыз.

Samsung Members көмегімен тіркелу

3-қадам. Тіркелу әдісін таңдаңыз: Scan QR коды (QR кодын сканерлеу), Scan Wi-Fi (Wi-Fi желісін іздеу) немесе Use barcode (Штрихкодты пайдалану). 

Сканерді пайдаланып өнімді тіркеу
  • Scan QR code (QR кодын сканерлеу): өнімнің QR кодын сканерлеңіз, өнім түрін таңдаңыз, содан кейін үлгі нөмірін теріңіз немесе сканерлеңіз.
  • Scan Wi-Fi (Wi-Fi желісін іздеу): Wi-Fi сканерлеңіз, тіркелгіңіз келетін өнімді түртіңіз, содан кейін өнім түрін таңдаңыз.
  • Use barcode (Штрихкодты қолдану): өнім түрін таңдаңыз, штрихкодты сканерлеңіз немесе өнімнің үлгі нөмірін/сериялық нөмірін қолмен енгізіңіз.

Ескерту. Жапсырмадағы QR коды, штрихкод, үлгі нөмірі және сериялық нөмір әдетте өнімнің немесе қаптаманың бүйір немесе артқы жағында болады. Сонымен қатар, пульт арқылы QR кодын, үлгі нөмірін және сериялық нөмірді тексеруге болады: Home > Settings > Support > Аbout this TV (Басты> Параметрлер> Қолдау> Ссы теледидар туралы).

Тіркеу кезінде ақауларды жою

  • VPN пайдалану байланыс мәселелерін тудыруы мүмкін. Тіркелу кезінде VPN қолданбауды ұсынамыз.
  • Егер сіз Samsung Members қолданбасын пайдаланып өніміңізді тіркей алмасаңыз, қолданбаны жойып, қайта орнатыңыз.

Ескерту.

  • Құрылғының скриншоттары мен мәзірі құрылғының әртүрлі үлгілері мен бағдарламалық жасақтаманың әртүрлі нұсқалары үшін әртүрлі болуы мүмкін.
  • Өз өніміңізді Samsung сайтында тіркей аласыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!