Тіркемені (ресиверді) Samsung теледидарына HDMI кабелімен қалай қосуға болады
Соңғы жаңартулардың күні : 08.07.2024
HDMI кабелін пайдаланып, Samsung теледидарына сыртқы ТД тіркемесін (ресиверді) қосуға болады. Мұны қалай жасау керектігін білу үшін төмендегі мақаланы оқыңыз.
1
Теледидар мен тіркемені өшіріп, оларға HDMI кабелін қосыңыз.
- Теледидарыңызда STB деп белгіленген HDMI жалғағышы болса, оған HDMI кабелін қосыңыз.
- Теледидарыңызда HDMI STB жалғағышы болмаса, кабельді кез келген басқа HDMI жалғағышына қосуға болады.
- Егер сізде Samsung One Connect болса, кабельді модульдің артқы жағында орналасқан HDMI жалғағыштарының біріне қосуға болады.
2
Екі құрылғыны да қосыңыз.
3
Теледидарда сигнал көзі ретінде HDMI таңдаңыз.
C, B сериялы теледидарларда (2023-2022) көзді таңдау жолын білу үшін осы жерді басыңыз.
1
Пульттегі Home түймесін басып, «Мәзір» таңдаңыз.
2
Көз ретінде HDMI таңдаңыз – «Қосылған құрылғылар» басып, HDMI таңдаңыз.
A, T, R, N, M, K сериялы теледидарларда (2021-2016) көзді таңдау жолын білу үшін осы жерді басыңыз.
Басқару пультіндегі Home түймесін басып, «Көз», одан кейін HDMI таңдаңыз.
J, H, F сериялы теледидарларда (2015-2013) көзді таңдау жолын білу үшін осы жерді басыңыз
Басқару пультіндегі Source түймесін басып, HDMI таңдаңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар