Сымды Type-C құлаққаптарында дыбыс болмаса не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 19.07.2024

Бұл ұсыныстар mini-jack 3.5 mm аудио ұясы бар құлаққаптар үшін де жарамды.

Егер сіз 3.5 мм ұясы бар құлаққапты 3.5 мм ұясы жоқ телефонға қоссаңыз, 3.5 мм Type-C-мен үйлесімді адаптерді қолданғаныңызға көз жеткізіңіз.

Егер адаптер қосылған кезде "қосылған USB құрылғысына қолдау көрсетілмейді" хабары пайда болса және дыбыс дұрыс ойнатылмаса немесе жоқ болса, онда мұндай адаптер үйлесімді емес және жұмыс істемейді.

1 Құлаққапты мұқият тексеріңіз.
Штепсель бүгілген Штепсель бүгілген

Құлаққап ашасы бүгілген.

Кабель үзілген Кабель үзілген

Құлаққап кабелі үзілген.

Егер аша бүгілсе немесе кабель үзілсе, құлаққаптар жұмыс істемейді.

Егер сіз ешқандай физикалық зақым көрмесеңіз, бірақ дыбыс естілмесе, құлаққаптарды басқа құрылғыға: смартфон немесе планшетке қосу арқылы тексеріңіз.

  • Дыбыс естілмейді – құлаққаптар жұмыс істемейді.
  • Дыбыс естіледі – келесі тармаққа өтіңіз.
2 Құлаққаптың ашасы құрылғының ұясына толығымен салынғанына көз жеткізіңіз.
Гарнитура ашасы соңына дейін салынбаған. Гарнитура ашасы соңына дейін салынбаған.

Гарнитура ашасы соңына дейін салынбаған.

Гарнитура ашасы толығымен салынған. Гарнитура ашасы толығымен салынған.

Гарнитура ашасы толығымен салынған.

Егер аша соңына дейін салынбаса, телефон қосылымды танымауы мүмкін және құрылғының динамиктері арқылы дыбыс шығарады.

Құрылғыдағы керек-жарақтар құлаққап ашасын толығымен салуға кедергі келтіруі мүмкін. Тысқабын шешіп, құлаққапты қосыңыз.

3 Телефонның қосқышын тексеріңіз - оған шаң немесе ұсақ қоқыс кіріп, құлаққаптың қосылуына кедергі келтіруі мүмкін.
гарнитураны қосу

Қосқыштан қоқысты шығару үшін оған қатты үрлеңіз немесе шаңды тіс тазалағышпен ақырын тазалаңыз.

Егер тексеру кезінде қосқышта контакт бүгілгенін байқасаңыз, оны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.

4 Құрылғының бүйіріндегі дыбыс деңгейін арттыру түймесін басыңыз. Сізде дыбыс деңгейі төмен болуы мүмкін.
дыбыс деңгейі түймесін басыңыз

Ескерту. Дыбыс деңгейі түймесі мен гарнитура қосқышының орналасуы құрылғының үлгісіне байланысты болуы мүмкін.

5 Samsung-тың түпнұсқа USB Type-C сымды құлаққаптарын қосқаныңызға көз жеткізіңіз.

Үшінші тарап өндірушілерінің Type-C ұясы бар құлаққаптары тексерілмеген және олардың жұмысына кепілдік берілмейді.

Егер сіз Type-C құлаққаптарын қосқан кезде "қосылған USB-құрылғысына қолдау көрсетілмейді" деген хабарлама пайда болса және дыбыс дұрыс ойнатылмаса немесе жоқ болса, онда мұндай құлаққаптар үйлесімді емес және жұмыс істемейді.

Егер барлық алдыңғы қадамдар көмектеспесе, телефонды диагностикалау үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!