Samsung Galaxy ұзақ уақыт зарядталса не істеу керек
Бұл мақалада егер сіздің құрылғыңыз сымды зарядтаудан өте ұзақ уақыт — 5 сағаттан артық зарядталса, не істеу керектігін білесіз.
Кейбір үлгілер шамамен үш сағат зарядталуы мүмкін, бұл ақау емес. Телефоныңызға арналған нұсқаулықты тексеріңіз, көптеген үлгілер үшін зарядтау уақыты сипаттамаларда көрсетілген.
Бағдарламалық жасақтама қатесін болдырмау үшін USBSettings қолданбасының деректерін тазалап көріңіз.
Ол үшін: Параметрлер мәзірін ашыңыз > Қолданбалар > сұрыптау белгішесін > Жүйелік қолданбалардын көрсету > тізімнен USBSettings таңдаңыз > Сақтау орны (Жад) > Деректерді өшіру.
Тақырып бойынша:
Қандай да бір жүктелген бағдарлама смартфонның жұмысына әсер етуі мүмкін.
Егер қауіпсіз режимде зарядтау уақыты қысқарса, жүктелген бағдарламаларды ақаулық жойылғанға дейін бір-бірлеп жойыңыз. Соңғы жүктелген немесе жаңартылған нұсқадан бастауға болады.
Зарядтау құрылғысында ток пен кернеу параметрлерін қарап, олардың сәйкестігін тексеріңіз. Сіз дұрыс емес қуат көзін пайдаланып жатқан боларсыз.
Құрылғының басқа розеткада зарядталып жатқанын тексеріңіз, бұл розеткада кернеу жеткіліксіз болуы мүмкін.
Сондай-ақ, зарядтау құрылғысын басқа қуат көзімен тексеру қажет, сіздікі ақаулы болуы мүмкін.
Егер сіз құрылғыға қосылған Google есептік жазбасының деректері есіңізде болса, смартфонның бағдарламалық жасақтама қателерін болдырмау үшін параметрлерді қалпына келтіріңіз. Өкінішке орай, бұл жағдайда смартфонның жадына жазылған барлық деректер жойылады.
Егер барлық алдыңғы қадамдар көмектеспесе, қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, тек зарядтау құрылғысы ақаулы болса да, смартфонды/планшетті де, жиынтық зарядтау құрылғысын да тапсыру қажет болады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар