Samsung Galaxy-де "Қызмет көрсету режимін" қалай қолдануға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 09.08.2024

Samsung Galaxy-ді сервистік орталыққа тапсыру алдында құрылғыны "Қызмет көрсету режиміне" ауыстыруға кеңес береміз.

"Қызмет көрсету режимі" — бұл құрылғыдағы сіздің жеке деректеріңіз бен ақпаратыңызды қорғауға арналған арнайы режим.

Қызмет көрсету режимінде, диагностикалау және жөндеу алдында сервистік орталықтың маманы құрылғыда уақытша сервистік аккаунт құрады. Бұл аккаунтпен құрылғының иесінің жеке ақпараты мен бағдарламаларына қол жетімділік болмайды. Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін "Қызмет көрсету режимін" пайдалану кезінде жасалған барлық сервистік деректері жойылады.

Ескерту: 

Құрылғыны жөндеуге жіберер алдында деректеріңізді сақтау үшін әрқашан деректерді сақтық көшірмесін жасауды ұсынамыз.

"Қызмет көрсету режимі" жөндеу кезінде үшінші тұлғалардың оларға қол жеткізуін болдырмау үшін Samsung Galaxy-дегі кез келген құпия деректерге немесе ақпаратқа қол жеткізуді шектейді.

Құрылғыда "Қызмет көрсету режімі" қосылғанда:

  • Фотосуреттер, бейнелер және басқа файлдар қол жетімді емес;
  • Контактілер мен телефон қоңырауларының тізімі қол жетімді емес;
  • Хабарламаларға қол жетімділік жоқ;
  • Тек алдын ала орнатылған бағдарламалар ғана қол жетімді. Осы бағдарламалардағы кез келген тіркелгілерге қатынасу үшін логин мен құпия сөзді енгізу қажет.

Ескерту: 

Қызмет көрсету режиміне ауысу үшін құрылғыда бос жад жеткілікті болуы керек және экранды құлыптау қосулы болуы керек:

  • Тұрақты жады 64 Гб және одан аз құрылғылар үшін 1,5 Гб жады бос болуы тиіс.
  • Тұрақты жады 128 Гб және одан көп құрылғылар үшін 500 Мб жады бос болуы тиіс.

Егер бос жады аз болса, қызмет көрсету режімі іске қосылмайды.

Samsung Galaxy-де "Қызмет көрсету режимін" қосу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:

Параметрлерде "құрылғыға қызмет көрсету" қойындысын ашыңыз. Параметрлерде "құрылғыға қызмет көрсету" қойындысын ашыңыз.

1-қадам. Параметрлерді ашып, Құрылғы қызметі қойындысына өтіңіз.

"Қызмет көрсету режимін" ашыңыз. "Қызмет көрсету режимін" ашыңыз.

2-қадам. Қызмет көрсету режимін ашыңыз.

"Қосу" Түймесін Басыңыз. "Қосу" Түймесін Басыңыз.

3-қадам. Қосу түймешігін басыңыз.

Жүйелік журнал жасаңыз Жүйелік журнал жасаңыз

4-қадам. Қызмет көрсету режиміне ауысқан кезде сізге жүйелік журнал жасау мүмкіндігі беріледі.

Онда құрылғыңызды жөндеуге көмектесетін соңғы қолданбалар мен жүйелік қателер туралы ақпарат болады.

Жүйе журналын жасау үшін "қайта іске қосу"түймесін басыңыз. Жүйе журналын жасау үшін "қайта іске қосу"түймесін басыңыз.

5-қадам. Қайта іске қосу түймешігін басыңыз.

Ескерту: 

Журналды жасауды өшірмеңіз. Журналда қателіктер тіркеледі және бұл ақаудың себебін тез анықтауға көмектеседі.

"Қызмет көрсету режімі" өшірілген жағдайда не болады:

  • Режим іске қосылғанша енгізілген барлық өзгерістердің күші жойылады;;
  • Қызмет көрсету режимін пайдалану кезінде орындалған әрекеттер туралы ақпарат сақталмайды. Бұл файлдарды жүктеуге, бағдарламаларды орнатуға немесе баптауларды өзгертуге қатысты.

Samsung Galaxy-де "Қызмет көрсету режимін" өшіру үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:

Параметрлерде "құрылғыға қызмет көрсету" қойындысын ашыңыз. Параметрлерде "құрылғыға қызмет көрсету" қойындысын ашыңыз.

1-қадам. Параметрлерді ашып, Құрылғы қызметі қойындысына өтіңіз.

"Қызмет көрсету режимін" ашыңыз. "Қызмет көрсету режимін" ашыңыз.

2-қадам. Қызмет көрсету режимін ашыңыз.

"Шығу" Түймесін Басыңыз. "Шығу" Түймесін Басыңыз.

3-қадам. Шығу түймешігін басыңыз.

"Қайта Іске Қосу" Түймесін Басыңыз "Қайта Іске Қосу" Түймесін Басыңыз

4-қадам. Қайта іске қосу түймешігін басыңыз.

Ескерту:

"Қызмет көрсету режимінен" шығу үшін сіз пайдаланатын шифрлау кодын енгізу қажет (пин-код, саусақ таңбасы, құпия сөз немесе графикалық кілт).

"Қызмет көрсету режимі" Android 13 (One UI 5.0) нұсқасынан бастап Samsung Galaxy смартфондары мен планшеттерінде қолданылады.

Құрылғыдағы Android ағымдағы нұсқасын білу үшін, мақаланы пайдаланыңыз: "Samsung Galaxy смартфонында немесе планшетінде Android нұсқасын қалай білуге болады"

Ескерту:

Қызмет көрсету режімі барлық үлгілерде қолданылмайды. Режимнің қолжетімділігі БҚ моделіне, өңіріне және нұсқасына байланысты.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!