Samsung Galaxy-де GPS арқылы мекенжайды қалай қосуға болады
Мекенжай (орналасу) функциясы әртүрлі қолданбаларда қолданылады. Оның көмегімен сіз:
- навигаторды машинада қолдана аласыз,
- сізге жақын орналасқан жерлерді картадан қарай аласыз,
- такси шақырта аласыз,
- жаттығу бағытын қадағалай аласыз,
- фотосуретте геолокацияларды орналастыра аласыз,
- аймағыңыздағы ауа-райын және т.б. біле аласыз.
Функция белсенді болған кезде қолданбалар GPS арқылы орналасқан жеріңіз туралы деректерді ала алады.
Орынды анықтау мүмкіндігін екі жолмен қосуға (немесе өшіруге) болады:
- Жылдам параметрлер мәзірі ("перде") арқылы,
- телефон параметрлері арқылы.
Сізге ыңғайлы әдісті таңдап, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Жылдам параметрлер мәзірі арқылы орынды анықтауды қалай қосуға немесе өшіруге болады
Бұл әдіс Android OS кез келген нұсқасы бар құрылғылар үшін бірдей болады.
Егер жылдам параметрлер тақтасында Орналасу белгішесі болмаса, ол жасырын болуы мүмкін.
Телефон параметрлері арқылы орынды анықтауды қалай қосуға немесе өшіруге болады
Орынды анықтау мүмкіндігін қосу жолы Android OS нұсқасына байланысты болады. Құрылғыдағы амалдық жүйенің нұсқасы туралы ақпаратты телефон параметрлерінен көруге болады. Мұны қалай жасау керектігі туралы "Samsung Galaxy смартфонында немесе планшетінде Android нұсқасын қалай білуге болады" мақаласынан оқыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар