Браузер деректерін қалай жоюға болады: Samsung Galaxy-дегі кеш, тарих, кукис
Кеш, куки және басқа шолғыш деректері дегеніміз не
Браузерді пайдалану барысында әртүрлі жүйелік файлдар мен жазбалар жасалады. Төменде олардың кейбіреулері келтірілген.
Шолу тарихы — бұл құрылғыда ашылған беттер журналы.
Cookie (куки) — сайттарға кірген кезде жасайтын шағын қызметтік файлдар. Сайт сізді тағы бір рет кірген кезде "тануы" үшін қажет (мысалы, интернет-дүкен себетіндегі алдыңғы кіргенде қосқан тауарларды көрсету).
Кеш — сайтқа кірген кезде оның кейбір ақпараты құрылғының жадына уақытша сақталады (мысалы, суреттер). Бұл сайтты келесі жолы тезірек ашу үшін қажет.
Құпиясөздер — көптеген браузерлер логиндерді/құпиясөздерді қандай да бір сайтқа енгізген кезде сақтай алады. Келесі жолы құпиясөзді енгізу қажет емес, ол құрылғыда сақталады.
Браузер деректерін қашан жою керек
Қалыпты пайдалану кезінде деректерді тазалаудың қажеті жоқ. Әдетте деректер екі жағдайда тазартылады:
- Құрылғыны басқа адамға беру кезінде;
- Егер бұрын жақсы жұмыс істеген кейбір сайттарда мәселе болса (мысалы, жүктеу қателері, кейбір элементтерді көрсету мәселелері және т.б.). Бұл жағдайларда куки мен кеш жойылады.
Интернет шолғышындағы деректерді қалай жоюға болады
Chrome браузеріндегі деректерді қалай жоюға болады
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар