Galaxy S23-те дауыстық қоңырау дыбысын жақсарту жолы туралы толығырақ біліңіз

Соңғы жаңартулардың күні : 12.03.2025

Егер қоңырау кезінде дыбыс анық болмаса, айтарлықтай тыныш болып кетсе, мүлдем шықпаса немесе шу естілсе, бұл құрылғының қабылдағышын, микрофондарын немесе ауа саңылауларын қандай да бір кедергі жауып тұрғанына байланысты болуы мүмкін. Кейде бұл тысқаптарға, қорғаныс үлдірлерге  немесе құрылғы қолда дұрыс жатпағанына байланысты болады.

Galaxy S23/S23+/S23 Ultra үлгілері анық қоңыраулар мен жылдам жазу өнімділігі үшін үш микрофон тесігімен жабдықталған. Егер құрылғы тысқапқа салынған, қақпақпен немесе қорғаныс үлдірмен және т.б. жабылған болса, олар микрофондардың бірін жауып тұруы мүмкін. Немесе қоңырау кезінде микрофонды бұғаттасаңыз не қолмен жапсаңыз, бұл микрофон дыбысының, дыбысты жіберудің және жазудың сапасына әсер етуі мүмкін.

 

1-қадам. Құрылғығыздағы микрофондар мен ауа саңылауларының орнын тексеріңіз.

Galaxy S23/S23+ құрылғысындағы микрофон мен ауа саңылауының орындары:

S23/S23+ құрылғыларының микрофондары мен ауа саңылаулары орнының көрінісі.

① Микрофон

② Микрофон

③ Микрофон

④ Ауа саңылауы

⑤ Микрофон

⑥ Микрофон

⑦ Ауа саңылауы

⑧ Микрофон

 

Galaxy S23 Ultra-дағы микрофон мен ауа саңылауының орны:

S23 Ultra құрылғысының микрофондары мен ауа саңылаулары орнының көрінісі.

① Микрофон

② Микрофон

③ Микрофон

④Ауа саңылауы

⑤ Микрофон

⑥ Микрофон

⑦ Ауа саңылауы

⑧ Микрофон

 

2-қадам. Қандай да бір қақпақ, қорғаныс үлдір немесе қорғаныс шыны микрофонды жауып тұрмағанына көз жеткізіңіз және микрофоннан таза дыбыс алу үшін қолданар алдында оларды алып тастаңыз.

S23 камера линзаларының және қорғаныс үлдірі орнының көрінісі.

3-қадам. Телефонның камерасын немесе негізгі камерасын қандай да бір қорғаныс үлдір жауып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Төменгі микрофон орнының көрінісі және ол қолмен жабылып тұрған мысалы.

4-қадам. Төменгі микрофонның орнын тексеріңіз және сөйлесі кезінде оны қолыңызбен жаппауға тырысыңыз.

Galaxy S23/S23+/S23 Ultra үлгілері құрылғының төменгі жағындағы ауа саңылауына арналған ойықпен жабдықталған, ол су өткізбеуді жақсарту үшін бұйымның ішіндегі және сыртындағы қысымды реттейді.

Ауа саңылауын арналған ойық тысқаппен, қақпақпен, қорғаныс үлдірмен және т.б. жасырылған болса, құрылғы қысылғанда және ішкі қысым өзгергенде сыртқы мен төменгі динамиктерде немесе қабылдағыштан шу естілуі мүмкін.

Жоғары және төмен температураларда (жаз бен қыста) ішкі және сыртқы қысымның айырмашылығы артады, ауа өткізгіші бұғатталған болса, шу айтарлықтай байқалуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Сөйлесу кезінде төменгі ауа саңылауы ойығын қолыңызбен жаппауға тырысыңыз.

Түпнұсқа емес экран қорғанысын немесе Galaxy смартфонына дұрыс тиіп тұрмайтын қорғанысты пайдалансаңыз, ол динамикті жасыруы мүмкін.

S23 құрылғысындағы сыртқы динамиктің көрінісі.

 ①Сыртқы динамик

 

Түпнұсқа емес қорғаныс үлдірін орнатқан кезде Galaxy S23 смартфонының динамигі (қабылдағышы) жабылмағанына көз жеткізіңіз.

  • Түпнұсқа емес немесе сертификатталмаған қақпақтар мен керек-жарақтарды пайдаланғанда бұйымның зақымдалуы сияқты ақаулар орын алуы мүмкін, бұл жөндеу шығындарына әкелуі мүмкін.

 

  • Samsung Electronics мобильді өнімдерге арналған түпнұсқа керек-жарақтардан басқа, әртүрлі серіктес компаниялардың керек-жарақтарын пайдалануды қолдау үшін SMAPP (Мобильді керек-жарақтар жөніндегі Samsung серіктес бағдарламасы) бағдарламасын жүзеге асырады.

 

  • SMAPP (Мобильді керек-жарақтар жөніндегі Samsung серіктес бағдарламасы): Samsung Electronics серіктес компаниялардың мобильді керек-жарақтарына арналған дизайн және сапа саласындағы сертификаттау бағдарламасы.

 

  • Samsung Electronics сапа бақылау жүйесі бойынша сертификаттауынан өткен серіктес компаниялардың бұйымдары арнайы Samsung логотипін алады, ол бұйымның сыртында немесе қаптама қорабында басып шығарылады.

 

  • Бұйымды қауіпсіз пайдалану үшін түпнұсқа керек-жарақтарды және Samsung-пен сертификатталған керек-жарақтарды пайдалану ұсынылады.

  • Жоғарыда аталған шаралардың барлығы мәселені шешпесе, бұйымды, соның ішінде осы Galaxy смартфонының микрофонын, қабылдағышын және динамигін (қабылдағышын) тексеру қажет.

 

  • Жарамсыздық үнемі болып тұрса, тексеру үшін жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Ұсынылған материал пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!