Өзімнің Galaxy құрылғымдағы деректердің қосалқы көшірмелерін автоматты түрде қалай жасай аламын?

Соңғы жаңартулардың күні : 17.03.2025

Смартфоныңыз бұзылған немесе жоғалған жағдайда, смартфоныңыздың қосалқы көшірмесін жасау деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді Сіз  деректеріңіздің тәулік бойы қорғалуын қамтамасыз ете отыра,  смартфоныңызды автоматты түрде қосалқы  көшірмелерді жасауға баптай аласыз. Samsung Cloud көмегімен деректеріңіздің қосалқы қосымшасын қалай жеңіл жасауға болатындығы туралы көбірек біліңіз.

Samsung Cloud көмегімен деректеріңіздің қосалқы қосымшасын қалай жеңіл жасауға болатындығы туралы көбірек біліңіз.

Samsung Cloud-та қауіпсіз сақтағыңыз келетін контентті басқарыңыз. Сіз мынадай деректердің қосалқы көшірмесін жасай аласыз: Күнтізбе, Байланыстар, Телефон, Сағат: Ояту сағаттары, Басты экран, Қолданбалар, Баптаулар, Хабарламалар, Музыка, Диктофон,

Деректердің қосалқы өшірмесін автоматты түрде қалай жасауға болады

Автоматты  қосалқы көшірме деректеріңіздің қосалқы көшірмесін әр 24 сағат сайын автоматты түрде жасайды. Алайда, оны жасау үшін телефоныңыз зарядталған, Wi-Fi -ға  қосылған және экраны кем дегенде бір сағат бойы өшіріліп тұруы керек.

  1. Параметрлер > Аккаунттар және сақтық көшіру тармағына өтіңіз.
  2. Samsung Cloud басыңыз. 
  3. Қосымша параметрлер (үш тік нүкте) > Баптаулар басыңыз.
  4. Синхрондау және сақтық көшіру > Автоматты сақтық көшіру басыңыз.
  5. Samsung Cloud-та нені автоматты түрде сақтық көшіру керек екенін таңдаңыз.

Samsung Cloud-ты қалай басқару керек

Осы телефонның сақтық көшірмесін жасау, деректерді қалпына келтіру немесе сақтық көшірмені жою арқылы деректеріңізді Samsung Cloud-та басқара аласыз.

  • Синхрондалған қосымшалар. Түйіндес құрылғылардың, элементтердің, контактілердің және еске салғыштардың синхрондалған деректерін басқара аласыз.
  • Осы телефонды сақтық көшіру. Деректердің қолжетімді сақтық көшірмелерінің тізімін тексере аласыз.
  • Деректерді қалпына келтіру. Құрылғыны және қалпына келтіргіңіз келетін деректерді таңдай аласыз.
  • Сақтық көшірмені жою. Сақтық деректеріңізді жоя аласыз.

Көшіруге немесе қалпына келтіруге болмайтын контент немесе күй түрлерінің тізімі бар екенін ескеріңіз, мысалы, чаттардағы қоса тіркелген файлдар.

  1. Құрылғының панелін ашу үшін саусағыңызбен экранның жоғарғы жағынан төмен сырғытыңыз.
  2. Жылдам баптаулар белгішелерінің астындағы Құрылғылар басыңыз.
  3. Экрандағы нұсқауды оқып, Одан кейін -ді  басыңыз.
  4. Баптау аяқталғанда Дайын -ды басыңыз 

OneDrive көмегімен галереяның резервтік көшірмесін қалай жасау керек

Android 10 немесе одан жоғары Galaxy сериясы, тұтынушыларға Галерея қосымшасынан OneDrive-тан тікелей фотосурет және бейнені үйлестіруге мүмкіндік бере отыра, OneDrive арқылы интеграцияны сүйемелдейді. Құрылғы талаптарына сай болсаңыз, Galaxy баптауларына өтіп, оны қосалқы көшірме шешімі ретінде пайдалану үшін OneDrive есептік жазбаңызды қосуыңызға болады. Сондай-ақ, Samsung Cloud -тағы барлық фотосуреттері мен бейнелерді  OneDrive-қа тасымалдауға болады.

  1. Галереяға өтіңіз > Қосымша параметрлер (үш тік нүкте) басыңыз.
  2. Баптаулар > Бұлтпен синхрондау таңдаңыз.
  3. OneDrive есептік жазбаңызды  қосыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ұсынылған материал пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!