Galaxy One UI 6.1 жаңартылған соң Samsung есептік жазбасына кіру туралы жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы жаңартулардың күні : 13.08.2024

Егер сіз бағдарламалық жасақтаманы Samsung есептік жазбасына кірмей-ақ One UI 6.1 нұсқасына жаңартқан болсаңыз, сізден AI мүмкіндіктерін пайдалану үшін Samsung есептік жазбаңызға кіру сұралады. Егер сізде Samsung есептік жазбасы болса, идентификатор мен парольді енгізіп, кіру үшін екі сатылы аутентификацияны баптаңыз.

Әлдекім  экранда Samsung есептік жазбасының белгішесі бар Galaxy телефонын ұстайды.

Екі сатылы тексеру кодын, сіздің негізгі құрылғыңызбен бірдей ,Samsung есептік жазбасына қосылған қосымша Galaxy құрылғысындағы хабарламадан алуға болады. Егер сізде қосымша Galaxy құрылғысы болмаса немесе екі сатылы тексеру кодын басқа жолмен алғыңыз келсе (мәтіндік хабарлама, резервтік код және т.б.), төмендегі әрекеттерді жасаңыз.

1-қадам. One UI 6.1 дейін жаңартылған соң  Шолуды  таңдаңыз.

 2-қадам. Төмен жылжытыңыз және Опцияларды басыңыз.

3-қадам. Выберите Эл. поута или номер тел.

4-қадам. Өзіңіздің электрондық пошта мекенжайыңыз мен құпия сөзді енгізіңіз > Кіру түймесін басыңыз.

5-қадам. Пайдалану шарттарымен танысып, Қабылдауды басыңыз.

6-қадам. Пернетақта терезесін жабу үшін төмен көрсеткі белгішесін түртіңіз.

7-қадам. "Құптау кодын алмадыңыз ба?" басыңыз.

8-қадам. Екі сатылы тексеру тәсілін таңдаңыз.

9-қадам. Құптау кодын енгізіңіз > Құптауды басыңыз.

Төмендегі екі жағдайда, басқа мобильді құрылғы немесе компьютер арқылы Samsung есептік жазбасының веб-сайтына кіру немесе сол құрылғыдағы Samsung есептік жазбасына кіруді өткізіп жіберу арқылы  сіз оны ала аласыз.

  • Егер сіз One UI 6.1 жаңартқаннан кейін бастапқы орнату кезеңінде есептік жазбаңыздың идентификаторы мен құпия сөзін ұмытып қалсаңыз.
  • Кіру процесінде қате құпия сөзді бірнеше рет енгізу арқылы есептік жазбаңызды бұғаттадыңыз.

Galaxy One UI 6.1 Samsung есептік жазбасына кіруді қалай өткізіп жіберуге болады

1-қадам. One UI 6.1 дейін жаңартқаннан соң Шолуды таңдаңыз.

2-қадам. Төмен жылжытыңыз және Опциялар-ды басыңыз.

3-қадам. Құпия сөзді ұмыттыңыз ба немесе есептік жазба жоқ па? Басыңыз 

4-қадам. Кейінірек  Баптау-ды басыңыз.

5 -қадам. Төмен қарай жылжытыңыз және Өткізуді басыңыз.

6-қадам. Дайын-ды басыңыз.

Ескертулер:

  • Егер сізде Samsung есептік жазбасы болмаса, оны One UI 6.1 дейін жаңартқаннан кейін бастапқы орнату кезеңінде тіркеуге болады.  Samsung есептік жазбасына  тіркелу және тексеру процесі туралы көбірек білу үшін сілтемемен өтіңіз.
  • Пайдаланылған кескіндер иллюстрациялық мақсатта кескінделген және нақты пайдаланушы интерфейсі ОЖ нұсқасына, құрылғы үлгісіне, аймаққа және т. б. байланысты өзгеруі мүмкін.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!