Интернеттен файлдар жүктелуді қойса, не істеу керек
Соңғы жаңартулардың күні : 03.07.2024
Браузерді пайдалану кезінде ол қажетті файлдарды (құжаттар, фотосуреттер немесе бейнелерді) жүктемейді деген мәселеге тап болсаңыз, оны шешу үшін төмендегі ұсынымдарды орындаңыз.
1
Басқа сайттардан файлдарды жүктеп алуды тексеріңіз.
Нақты сайттағы файлдардың жолы дұрыс көрсетілмеген болуы мүмкін.
Нақты сайттағы файлдардың жолы дұрыс көрсетілмеген болуы мүмкін.
- Егер файлдар басқа сайттардан қалыпты түрде жүктелсе, құрылғыда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
- Егер файлдар басқа сайттардан жүктелмесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
2
Басқа браузерді пайдаланып көріңіз.
Егер сіз Google Chrome қолдансаңыз, файлды Samsung Internet браузері арқылы жүктеп көріңіз және керісінше.
Егер сіз Google Chrome қолдансаңыз, файлды Samsung Internet браузері арқылы жүктеп көріңіз және керісінше.
3
Құрылғыңызды қайта жүктеңіз.
Мәселе қосылым іркілісіне байланысты болуы мүмкін және қайта жүктеу бұл іркілісті шешеді.
Мәселе қосылым іркілісіне байланысты болуы мүмкін және қайта жүктеу бұл іркілісті шешеді.
- Қайта жүктеуден кейін файлдар жүктелсе, құрылғыда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
- Қайта жүктеуден кейін де файлдар жүктелмесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
4
Басқа интернет көзін тексеріңіз.
- Мобильді интернетті пайдалансаңыз, Wi-Fi желісіне қосылыңыз немесе басқа оператордың SIM картасын қолданып көріңіз.
- Wi-Fi желісін пайдаланып жатсаңыз, басқа рұқсат нүктесіне қосылып көріңіз.
5
Android 12 - 6 үшін: Браузердің смартфон жадына рұқсаты бар-жоғын тексеріңіз.
Қосымша файлды жүктеген кезде оны смартфонның жадына орналастырады. Қосымшаның жадқа кіруге рұқсаты болмаса, файлдар жүктелмейді.
Қосымша файлды жүктеген кезде оны смартфонның жадына орналастырады. Қосымшаның жадқа кіруге рұқсаты болмаса, файлдар жүктелмейді.
6
Жадта бос орын бар-жоғын тексеріңіз.
7
Жүктеу диспетчерінің деректерін тазалаңыз.
Қосымша деректерін жойған кезде ол бірінші рет іске қосылғандай болады. Деректермен бірге қосымшаның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін қателер де жойылады.
Қосымша деректерін жойған кезде ол бірінші рет іске қосылғандай болады. Деректермен бірге қосымшаның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін қателер де жойылады.
8
Смартфонды қауіпсіз режимде тексеріңіз.
Кейбір жүктеп алынған қосымшалар құрылғының қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Қауіпсіз режимде тек жүйелік қосымшалар жұмыс істейді.
Кейбір жүктеп алынған қосымшалар құрылғының қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Қауіпсіз режимде тек жүйелік қосымшалар жұмыс істейді.
9
Алдыңғы барлық қадамдар көмектеспесе, смартфон баптауларын арылтуды орындаңыз.
Баптауларды арылту құрылғыдағы барлық деректерді жояды.
Арылтудан бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды қатаң ұсынамыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар