Samsung Galaxy-де шығыс қоңыраулар жұмыс істемесе не істеу керек
Бұл мақаладан сіз Galaxy смартфонында шығыс қоңыраулар жасай алмасаңыз немесе шығыс қоңырауларды орындауда қиындықтар туындаса не істеу керектігін білесіз.
Шығыс қоңырауларға қатысты мәселелерді жою үшін төмендегі нұсқаулықтарды орындаңыз.
- Егер желі қол жетімді болмаса немесе "сызылған шеңбер" белгішесі болса, онда бұл жерде оператордың қамтуы болмауы мүмкін. Басқа жерде қосылымды тексеріңіз.
- Ұшақ белгішесін көрсеңіз, "Ұшақ режимін" өшіріңіз. Бұл режимде оператор желісі қолжетімсіз.
Ұшақ режимін өшіру үшін жылдам қол жеткізу панеліндегі "Ұшақ режимі" белгішесін басыңыз:
Бұл дұрыс желі қосылымын қалпына келтіруі мүмкін.
Бұл функцияларды үлгіңіз бен операторыңыз қолдаса, оларды өшіріңіз.
VoLTE (ағылш. Voice over LTE – LTE арқылы дауыс) дауысты деректер ағынына түрлендіреді, соның арқасында пайдаланушы жоғары жылдамдықты IP арнасы арқылы қоңырау шалып, қабылдай алады. VoLTE технологиясының айрықша ерекшеліктері – мобильді интернетті және дауыстық байланысты бір мезгілде пайдалану мүмкіндігі, жылдам қосылым, жақсартылған дауыс байланысы сапасы.
"Wi-Fi арқылы қоңыраулар" – егер ұялы байланыс операторы белгілі бір аумақта нашар қамтылған болса, WI-FI арқылы Интернетке қол жеткізумен қоңырау шалу мүмкіндігі. Қолжетімділігі операторға байланысты.
Wi-Fi сигналы және 4G әлсіз немесе жоқ болса, қоңырау шалу мүмкін емес болады.
Нөмір анықтағышқа қарсы (АнтиАОН) - шығыс қоңырау шалу кезінде нөмірді жасыруға мүмкіндік беретін оператор қызметі.
Кейбір жағдайларда бұл шығыс қоңыраулардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Телефон > Опциялар > Параметрлер > Қосымша қызметтер > Қоңырау шалушы идент-н көрсету ашыңыз. Әдепкі желі, Ешқашан немесе Әрқашан таңдаңыз.
Егер қоңырау кезінде "Тыйым салынған" жазуы бірден пайда болса, оператордың "Қоңырауға тыйым салу" қызметінің қосылымын тексеріңіз. Бұл қызметпен қоңыраулар жұмыс істемейді.
Телефон > Опциялар > Параметрлер > Қосымша қызметтер > Қоңырауға тыйым салу ашыңыз. Қажетті параметрлерді қосыңыз.
Бағдарламалық қатені жою үшін желі параметрлерін арылтуды орындаңыз.
Ол үшін: Параметрлер > Жалпы басқфру > Бастапқы қалпына келтіру > Ұялы желі параметрін қалп келт мәзіріне кіріп, құрылғыны қайта жүктеңіз.
Bluetooth құрылғыларының тізімі, Wi-Fi желілерінің тізімі және Wi-Fi құпия сөздері жойылады.
Қосымша қатесін жою үшін "Телефон" қосымшасының деректерін тазалаңыз. Ол үшін төмендегі мақаланы пайдаланыңыз.
Смартфоныңыз басқа SIM картасымен жұмыс істесе, ол жарамды. SIM картасын ауыстыру үшін операторға хабарласыңыз.
Бөгде бағдарламалардың әсерін болдырмау үшін смартфон жұмысын қауіпсіз режимде тексеріңіз. Бұл режимде тек стандартты қосымшалар жүктеледі.
Төмен жылдамдықтың себебі бағдарламалық іркіліс болуы мүмкін. Бағдарламалық қатені жою үшін деректерді арылтуды орындаңыз.
Арылту кезінде телефон бастапқы күйіне оралып, барлық ақпарат жойылатындықтан, маңызды деректердің сақтық көшірмесін алдын ала жасаңыз.
Егер алдыңғы қадамдардың бәрі көмектеспесе, қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар