Смартфонда немесе планшетте аккумуляторды қалай дұрыс зарядтау керек және басқа да жиі қойылатын сұрақтар
1. Сатып алғаннан кейін батареяны бірнеше рет толығымен тауыстыру және зарядтау керек пе?
Жоқ, мұны істеудің қажеті жоқ, өйткені Samsung заманауи Li-Ion немесе Li-Pol аккумуляторларын пайдаланады. Оның үстіне, толығымен тауыстыру осы типтегі аккумуляторлар үшін зиянды. Сондықтан құрылғыны қалыпты пайдаланудағыдай зарядтаңыз.
2. Қандай зарядтау құрылғысын қолдану керек
Samsung түпнұсқа зарядтау құрылғыларын қолданған дұрыс. Смартфонды сапасыз зарядтау құрылғысымен зарядтасаңыз, бұл аккумулятордың зақымдалуына және мерзімінен бұрын тозуына әкелуі мүмкін.
3. Аккумуляторды зарядтау кезінде телефонды, смартфонды немесе планшетті пайдалануға болады ма?
Аккумуляторды зарядтау кезінде құрылғыны пайдалануға болады, бірақ бұл зарядтау процесін баяулатады.
4. Құрылғыны қалай тез зарядтауға болады
Құрылғыны өшірілген күйінде зарядтаңыз.
5. Алдымен нені өшіру керек: зарядтағышты розеткадан ма, құрылғыны зарядтағыштан ба?
Бәрібір, ыңғайлығына қарай өшіріңіз.
6. Құрылғы немесе зарядтағыш қызады
Зарядтау кезінде құрылғы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және құрылғының өнімділігіне немесе қызмет ету мерзіміне әсер етпейді. Аккумулятор әдеттегіден артық қызып кетсе, зарядтау құрылғысы жұмысын тоқтатуы мүмкін.
7. Телефонды ұзақ уақыт бойы зарядтауда қалдыруға болады ма (мысалы, түн бойы)?
Иә, болады. Заманауи смартфондар 100% жеткенде зарядты қабылдауды тоқтатады, нәтижесінде қызып кетпейді.
8. Телефонда қандай заряд деңгейін ұстау керек?
Құрылғыдағы заряд деңгейін 20 және 80% аралығында ұстаңыз. Телефонды нөлге немесе толығымен өшкенге дейін тауыстырмауға тырысыңыз. Аккумуляторда заряд әрқашан болса, ол азырақ тозып, ұзақ қызмет етеді.
9. Телефонды суықта зарядтауға болады ма?
Смартфонды 10° төмен температурада зарядтамағаныңыз жөн – бұл аккумулятордың тез тозуына әкеледі. Құрылғыны сырттан әкелген болсаңыз, ол бөлме температурасына дейін жылығанша күтіңіз, содан кейін ғана оны зарядтауға қосыңыз.
10. Телефонымды пайдаланбасам, оны зарядсыз қалдыра аламын ба?
Смартфонды ұзақ уақыт пайдалануды жоспарламасаңыз, оны 50-70% дейін зарядтап, өшіріңіз. Телефонды заряды толығымен таусылған немесе зарядталған аккумулятормен сақтамаңыз – бұл оның жұмыс сапасына теріс әсер етеді.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар