Samsung Galaxy-де камерадағы автофокус жұмыс істемесе не істеу керек
Автофокус смартфоныңыздың камера объективінің фото түсіру нысанына автоматты түрде фокустауын қамтамасыз етеді: олар біреу немесе бірнеше болуы мүмкін.
Автофокусты қалай тексеруге болады
Қарама-қарсы нысанды ашық фонда камераға/камерадан жақындатыңыз немесе алыстатыңыз.
- Автофокус жұмыс істеп тұрса, кескіннің анығырақ болғанын көресіз.
- Автофокус бейнедегідей жұмыс істемесе, төмендегі ұсынымдарды тексеріңіз.
Ескертпе:
Автофокус жылдамдығы әртүрлі үлгілерде өзгеше болады. Құрылғы фокусталуға үлгеруі үшін нысанды ұзағырақ жылжытпауға тырысыңыз.
Автофокус жұмыс істемесе не істеу керек
Автофокус сатып алғаннан бері жұмыс істемесе, смартфонның камерасы автофокусты қолдамауы мүмкін. Мұны, мысалы, онлайн-чатта нақтылауға болады:
- Фото түсірген кезде қараңғы/ымырт/жарық нашар болса, камераның жұмысын күндізгі жарық сияқты басқа жағдайларда тексеріңіз.
- Фокусталуды басқа нысанда тексеріп көріңіз. Егер сіз бір түсті нысанды (суреті жоқ) түсірген болсаңыз, қайшылық жеткіліксіз болғандықтан фокусталу дәл болмауы мүмкін.
- Камера әйнегін таза шүберекпен сүртіңіз. Егер ол лас болса, фотосуреттер бұлыңғыр болады немесе нысандар фокустан тыс болады. Автофокус жұмысын қайта тексеріңіз.
Жақын қашықтықтан – негізгі камера үшін 10-20 см кем және телефото камерасы үшін 30-40 см кем – фото түсірсеңіз (үлгіге байланысты өзгеше болуы мүмкін), автофокус жұмыс істемеуі мүмкін. Қашықтықты арттырып, қайтадан фото түсіріңіз.
Егер камерада макрообъектив болса, оны жақын қашықтықтан түсіру кезінде пайдаланыңыз.
Егер сіз магниті бар қапты немесе автомобиль ұстағышын пайдалансаңыз, камераның қапсыз жұмыс істеуін тексеріңіз. Кейбір жағдайларда қап қақпағындағы магнит камераның фокусталуына кедергі келтіруі мүмкін.
1-қадам: «Камера» қосымшасын ашыңыз.
2-қадам: «Баптауларды» ашыңыз (тегершік белгішесі)
3-қадам: «Камера» қосымшасы туралы тармағын таңдаңыз
4-қадам: Қосымшаның жаңа нұсқасы қолжетімді болса, оны орнату үшін «Жаңарту» батырмасын басыңыз.
Баптауларды арылту телефонның жадын тазалау және қателерді жою үшін қажет. Арылту кезінде телефон бастапқы күйіне оралып, барлық ақпарат жойылатындықтан, маңызды деректердің сақтық көшірмесін алдын ала жасаңыз.
Деректерді арылту көмектеспесе, диагностика және жөндеу үшін Samsung тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар