Кір жуғыш машинаның су қуятын құбыршегінде су қысымын қалай тексеру керек
Соңғы жаңартулардың күні : 27.06.2024
Су қысымын қашан тексеру керек
«4E», «4C» немесе «E1» қателері пайда болған кезде.
Су қысымын қалай тексеру керек
1
Машинаны розеткадан ағытыңыз.
2
Суды кір жуғыш машинаға келмейтіндей етіп жабыңыз. Машинаға арналған бөлек шүмек болмаса, бүкіл пәтер бойынша суық суды жабыңыз. Әдетте шүмек есептегіштердің жанында орналасқан болады.
3
Көлемі бір литрге жуық кішкене леген мен шүберек дайындаңыз.
4
Құбыршектерге қол жеткізу үшін машинаны қабырғадан жылжытыңыз.
5
Су құятын құбыршекті тауып, оны сағат тіліне қарсы бұруды бастаңыз.
Құбыршек оңай бұрап шыға бастағанда, оның астына шүберек пен легенді қойып, оны толығымен бұрап алыңыз. Құбыршектен біраз су төгіледі.
6
Құбыршекті ваннаға немесе шұңғылшаға бағыттап, біреуге суды қосуды сұраңыз. Құбыршектен су ағылады, қысымды бағалаңыз. Осыдан кейін суды қайтадан жабыңыз.
Шамамен осындай қысым кір жуғыш машинаның қалыпты жұмысы үшін қажет.
Егер қысым қатты болса (шүмектегі қысымға сәйкес), келесі қадамға өтіңіз.
7
Сомынды сағат тілімен бұрап, құбыршекті қайтадан бұрап, оны орташа күшпен қатайтыңыз.
8
Суды қосып, ол сомынның астынан ағып жатқан жоқ па, тексеріңіз. Егер су ағып тұрса, бұл құбыршектің қисық бұралғанын немесе нашар қатайтылғанын білдіреді. Суды жабыңыз, құбыршекті бұрап ашып, қайтадан бұрап бекітіңіз.
9
Егер құбыршек ағып тұрмаса, машинаны розеткаға қосыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар