Samsung ыдыс жуғыш машинасындағы E9/ bc2 қатесі
Соңғы жаңартулардың күні : 27.06.2024
Не болып жатыр
Ыдыс жуғыш машинаның дисплейінде «E9» немесе «bC2» хабарламасы пайда болды.
Дисплейі жоқ ыдыс жуғыш машина үлгісінде келесі индикаторлар бір мезгілде жыпылықтайды:
«Үнемді жуу» және «Алдын ала жуу» |
Себептері
- Түймеге не басқару панеліне су немесе шаң түскен.
- Басқару панеліндегі түйме 30 секунд басылған.
- Басқару панеліндегі түйме жарамсыз.
Не істеу керек
1
Үлгіңізде түймелер болса, басқару панелінде «жатып қалған» түймелердің жоқ екеніне көз жеткізіңіз (яғни түйме басылып, бастапқы орнына оралмайды).
Түйменің «жатып қалғанын» көрсеңіз, оны бастапқы орнына қайтару үшін бірнеше рет басыңыз.
Бұл көмектеспесе, 4-тармаққа өтіңіз.
2
Егер сізде сенсорлық басқару панелі бар үлгі болса, басқару панелінде ластану немесе су жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
- Ластану болса, басқару панелін жақсылап сүртіп, ыдыс жуғыш машинаның жұмысын тағы да тексеріңіз.
- Басқару панеліне су түссе, оны жақсылап сүртіп, құрғатыңыз (1-2 сағат), содан кейін ыдыс жуғыш машинаның жұмысын тағы да тексеріңіз.
3
Түймелерді және басқару панелінің өзін механикалық зақымданулардың, мысалы, соққы белгілерінің, жарықтардың және т.б. бар-жоғын тексеріңіз.
- Механикалық зақымданулар бар болса өкінішке орай, бұл кепілдікті емес жағдай кепілдікті емес жөндеу үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Механикалық зақымданулар жоқ болса, келесі тармаққа өтіңіз.
4
Ыдыс жуғыш машинаны диагностикалау және жөндеу үшін Samsung сервистік орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар