Samsung ыдыс жуғыш машинасында dC қатесі
Соңғы жаңартулардың күні : 25.06.2024
Не болып жатыр
Ыдыс жуғыш машинаның дисплейінде «dC» қате коды пайда болды.
Себебі
- Ыдыс жуғыш машинаның есігі ашық немесе мықтап жабылмаған.
- Есік ысырмасы немесе құлпы ластанған.
- Есікті жабу механизмі жұмыс істемейді.
Не істеу керек
1
Ыдыс жуғыш машинаның есігін ашып, жауып көріңіз.
2
Ыдыс жуғыш машинаның корпусындағы және есігіндегі құлыпты және ысырманы тексеріңіз.
- Құлып лас болса, оны тазалаңыз.
- Құлып сынған немесе деформацияланған болса, оны ауыстыру керек. Ол үшін тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3
Егер құлып зақымдалмаса және қате қайта пайда болса, техниканы тіркелген қызмет көрсету орталығының маманы тексеруі керек.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар