Samsung кептіргіш машинасының жылу алмастырғыш сүзгісін тазалау
Соңғы жаңартулардың күні : 14.06.2024
Жылу алмастырғыш сүзгісін қашан тазалау керек
Жылу алмастырғышты кем дегенде айына бір рет немесе келесі жағдайларда тазалау ұсынылады:
- 25 кептіру циклі өтсе және дыбыстық ескерту естілсе;
- кептіргіш машинасының дисплейінде индикатор жанса ;
- «Clean heat exchanger» (Жылу алмастырғышты тазалаңыз) хабарламасы пайда болса;
- жылу алмастырғыштың ластануына байланысты қате пайда болса (мысалы: «tC», «HC», «FILtEr»).
Ескертпе:
- Жылу алмастырғыштың ластану индикаторы кептіргіш машинасының үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Толық ақпаратты машинаңыздың Пайдаланушы нұсқаулығынан қарауға болады. Нұсқаулықты Қолдау бөлімінен жүктеп алуға болады.
- Жарақат пен күйіп қалуды болдырмау үшін жылу алмастырғышты жалаң қолмен ұстамаңыз және тазаламаңыз!
- Жылу алмастырғышты тазалау үшін суды пайдаланбаңыз.
Жылу алмастырғыш сүзгісін қалай тазалау керек
1
Жылу алмастырғыш қақпағын ашу үшін оның жоғарғы жағын басыңыз.
2
Екі бекіткішті де бұрап, ішкі қақпақты алыңыз.
Қақпақта бекіткіштердің бұрылу бағытын көрсететін көрсеткілер бар.
3
Жылу алмастырғышты жинақтағы тазалау щеткасын немесе щетка-саптамасы бар шаңсорғышты пайдаланып тазалаңыз.
Жылу алмастырғышты жоғарыдан төменге қарай тік қозғалыстармен тазалаңыз. Бұл кептіру тиімділігін төмендететін жылу алмастырғыштың өзектерін майыстыру немесе зақымдау ықтималдығын азайтады.
Жылу алмастырғышты жоғарыдан төменге қарай тік қозғалыстармен тазалаңыз. Бұл кептіру тиімділігін төмендететін жылу алмастырғыштың өзектерін майыстыру немесе зақымдау ықтималдығын азайтады.
4
Егер кептіргіш машина үш қабатты сүзгілеу жүйесімен жабдықталған болса, қосымша сүзгіні де тазалаңыз.
Қосымша сүзгі жылу алмастырғыш қақпағының бөлігі болып табылады. Сүзгіні қақпақтан ажырату үшін оны құлақша арқылы жоғары тартыңыз. Сүзгіні мұқият тазалап, оны арнайы ойықтарға сырғытып, қайта орнатыңыз.

5
Ішкі қақпақты тегіс, дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
6
Ішкі қақпақты бастапқы орнына салыңыз, содан кейін оны бекіткіштермен бұғаттаңыз.
Көрсеткілер қақпақты бұғаттау үшін бекіткіштердің бұрылу бағытын көрсетеді.
7
Сыртқы қақпақты жабыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар