Samsung тұмшапеш шкафында «----» (4 жол) қатесі

Соңғы жаңартулардың күні : 27.06.2024

Не болды

Тұмшапеш шкафы дисплейінде «––––» қатесі туралы хабарлама пайда болады.

Samsung тұмшапеш шкафының  дисплейінде "----" қатесі

Қате неге пайда болды

  • Пісіру режимі таңдалды («Гриль» режимінен басқа) және қуат орнатылды.
  • «Гриль» режимі таңдалып, температура орнатылды.

Не істеу керек

1 Таңдалған режим үшін температура мәні дұрыс орнатылды ма, тексеріңіз.
  • «Гриль» режимінде пісіргіңіз келсе, температураны орнату тетігін барлық температура мәндерінен кейін келетін үш қуат мәнінің біріне дейін бұраңыз.
  • Кез келген басқа режимде пісіргіңіз келсе, қажетті температура мәнін градуспен орнатыңыз.
2 Егер температура дұрыс орнатылған болса, шкафты розеткадан 1-2 минутқа ағытыңыз (автоматты өшіріңіз) және тұмшапеш шкафын қайта қосыңыз.
  • Қате пайда болмаса, техника жарамды, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
  • Қате қайта пайда болса, техниканың жұмысын диагностикалау және оны жөндеу үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!