Samsung DeX-ті қалай пайдалануға болады
Samsung DeX-ті пайдалану үшін сізге қосымша аксессуарларды сатып алу қажет болуы мүмкін.
Смартфонды теледидарға немесе мониторға кабель арқылы қосу
Смартфонды сыртқы дисплейге (мысалы, теледидар немесе монитор) қосқан кезде Samsung DeX пайдалану үшін DeX Station қондырмасын, DeX Pad, DеX HDMI кабелін немесе адаптерді сатып алыңыз.
Смартфонды компьютерге кабель арқылы қосу
Смартфонды компьютерге қосқан кезде Samsung DeX пайдалану үшін сізге USB Type-C кабелі қажет.
Смартфонды компьютерге немесе теледидарға сымсыз қосу
Смартфонды компьютерге немесе теледидарға сымсыз қосқанда Samsung DeX пайдалану үшін қосымша аксессуарлар қажет емес.
Samsung DeX үшін қолдау көрсетілетін аксессуарлар
Samsung DeX үшін келесі аксессуарларға ресми қолдау көрсетіледі: DeX Station док-станциясы (EE-MG950), DeX Pad док-станциясы (EE-M5100), HDMI адаптерлері (EE-HG950, EE-P5000, EE-I3100, EE-P3200 және EE-P5400).
Смартфондарды кабель арқылы қосқан кезде DeX аксессуарлары планшеттер мен жиналмалы құрылғыларға арналған аксессуарлардан ерекшеленеді.
Ескерту:
Құрылғы үлгілері елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Ресми қолдау көрсетілмейтін аксессуарлар Samsung DeX-пен үйлесімді болмауы мүмкін.
Samsung DeX-ті планшетте қалай пайдалануға болады
Планшетте Samsung DeX-ті қолданудың бірнеше әдісі бар:
- Планшетте хабарландыру тақтасын ашыңыз (саусағыңызды экранның жоғарғы жағынан төмен қарай сырғытыңыз), жылдам параметрлер тақтасындағы DeX белгішесін түртіңіз.
- Хабарландыру тақтасын ашыңыз (планшет экранының жоғарғы жағынан төмен қарай сырғытыңыз), жылдам параметрлер тақтасындағы DeX белгішесін түртіңіз. Қолжетімді тізімнен қажетті дисплейді таңдап, оның қосылғанын растаңыз.
Ескерту:
Өнімділік теледидардың техникалық сипаттамаларына байланысты болуы мүмкін болғандықтан, 2019 жылы немесе одан кейінгі Samsung Smart TV теледидарларын пайдалануды ұсынамыз.
- Samsung DeX сымсыз қосылымы экранды қайталау мүмкіндігін қолдайтын теледидарларда жұмыс істейді (Miracast протоколы бойынша), бірақ олардың өнімділігіне кепілдік берілмейді. Теледидарда экранды қайталау мүмкіндігі бар-жоғын тексеріңіз (функцияның атауы әр түрлі өндірушілерде әр түрлі болуы мүмкін, мысалы: Samsung - Screen Mirroring, Sony - Screen Mirroring, LG - Screen Share).
- Шамадан тыс жүктелген Wi-Fi желісі өнімділікке әсер етуі мүмкін. Кейінірек қосылыңыз.
- Смартфон мен теледидар үшін 5 ГГц жиілік ауқымында Wi-Fi пайдалану ұсынылады. Өндірушінің сипаттамаларында теледидар үшін 5 ГГц Wi-Fi қосылымының қолжетімділігін тексеріңіз. Егер сізде Samsung теледидары болса, қолдау бетіндегі үлгіге арналған нұсқаулықты қараңыз.
- Сәтті қосылу үшін смартфон мен теледидар арасындағы қашықтықты азайтыңыз.
Смартфонды қоспас бұрын компьютерге Windows үшін Samsung DeX немесе Mac үшін Samsung DeX бағдарламалық жасақтамасын орнатыңыз.
Компьютерде SAMSUNG DeX жұмысын қолдайтын Samsung Galaxy модельдерінің тізімі:
- сымсыз байланыс: Galaxy S24 | S24+ | S24 Ultra, Galaxy S23 | S23+ | S23 Ultra, Galaxy S22 | S22+ | S22 Ultra, Galaxy S21 | S21+ | S21 Ultra, Galaxy S20 | S20+ | S20 Ultra.
- сымды байланыс: Galaxy S24 | S24+ | S24 Ultra, Galaxy S23 | S23+ | S23 Ultra, Galaxy S22 | S22+ | S22 Ultra, Galaxy S21 | S21+ | S21 Ultra, Galaxy S20 | S20+ | S20 Ultra | S20 FE, Galaxy S10 | 10+, Galaxy S9, Galaxy Note20 | 20 Ultra, Galaxy Note10 | 10+, Galaxy Note9, Galaxy Z Fold5, Galaxy Z Fold4, Galaxy Z Fold3, Galaxy Z Fold2, Galaxy Z Fold, A90.
Samsung DeX іске қосу үшін компьютерге жүйелік талаптар:
- ОЖ: Windows 10 (32/64 бит) және одан жоғары
- Процессор: Intel® Core™ i3 2.4 ГГц немесе одан жоғары (Intel® Core™ i5 2.5 ГГц немесе одан жоғары ұсынылады)
- Qualcomm Snapdragon 8cx немесе одан жоғары
- Жедел жад: 4 Гб (8 ГБ ұсынылады)
- Қатқыл диск: кем дегенде 500 Мб (ұсынылады)
- USB: 1 бос USB 2.0 порты (USB 3.0 ұсынылады)
- Экранның ажыратымдылығы: 1024*768, 32 бит немесе одан жоғары
Егер жүйенің минималды талаптары орындалмаса, Samsung DeX дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар