«Jet Galym» жарнамалық промо науқанына қатысудың ережелері

«Jet Galym» промо науқанына (бұдан әрі – «Промо науқан») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Промо науқанның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Қатысушы Промо науқанға қатыса отырып, оның Ұйымдастырушының ресми интернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжай бойынша: https://www.samsung.com/kz_kz/ (бұдан әрі – «Промо науқан сайты») жарияланған Промо науқанға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») танысқандығын және сөзсіз келіскендігін білдіреді.

 

1. Жалпы ережелер:

1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат, пошта индексі: A05D7M5.

1.2. Промо науқанды өткізу кезеңі: 01.05.2024 - 31.07.2024 аралығында (қоса алғанда) Алматы уақытымен сағат 23:59 дейін.

1.3. Промо науқанды өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында.

1.4. Науқан тек Ұйымдастырушының «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС елесі ресми сайтында: samsung.kz («бұдан әрі – Сайт») өтеді;

1.5. Науқан Ұйымдастырушының келесі серіктестерінің (бұдан әрі – «Серіктестер») ресми сайттарына таралмайды:

·  «Arena S» (Арена S) ЖШС;

·  «Компания Эврика» ЖШС;

·  «Мечта Маркет» ЖШС;

·  «Technodom Operator» (Технодом Оператор) АҚ.

 

2. Промо науқанның Қатысушысы

2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері болмайтын тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары Промо науқанның Қатысушысы (бұдан әрі – «Қатысушы») бола алады.

2.2. Қатысушы Промо науқанға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Промо науқан сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Промо науқанның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетинг және хабарламалық мақсатта жіберілген хабарламаларды, сонымен қатар, маркетинг мақсаттарында басқа да тікелей байланыстарды жасау, бақылау  үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке куәлігі немесе шетелдік азаматтың тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады, соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, табыстауды (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық табыстауды) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.3. Қатысушы Промо науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

3. Промо науқанға қатысудың шарттары

3.1. Промо науқанға қатысу үшін Қатысушыға келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

-  Промо науқанның «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС-нің samsung.kz Сайтындағы Промо науқанның бетіне өтуі;

- Промо науқанның ережелерімен танысуы;

- Промо науқанға қатысатын Тауарлармен танысуы;

- Промо науқан тек samsung.kz сайтында өтеді;

- samsung.kz  сайтынан Тауарды сатып алғанда, промокод жолағына GALYM2024 промокодын енгізу;

- Промо науқан бойынша жеңілдік 10% құрайды;

- Промокодты бір жеке кабинеттен бір рет қана пайдалануға болады.

3.2. Қатысушы промокодты тек №1 кестеде көрсетілген Тауарды (Тауарларды) сатып алғанда ғана қолдануға құқылы. Осы Промо науқан №1 кестеде көрсетілмеген тауарларға таралмайды, оларға промокод қолданылмайды.

 

4. Сыйлық

4.1. Осы Промо науқанның шеңберіндегі сыйлық – 10% жеңілдігі бар промокод. Қорытынды баға Сайттың себетінде промокод енгізілгеннен кейін көрсетілетін болады және осы Ережелердің №1 кестесінде көрсетілген сатып алынатын Тауардың (бұдан әрі – «Сыйлық») құнына тәуелді өзгеріп отырады.

4.2. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа алмастыруға тыйым салынған. Промо науқанның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, алайда осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыны төлеу жүргізілмейді.

4.3. Промо науқанды өткізу кезеңінде қандай да бір себептермен тапсырылмаған Сыйлықтар, соның ішінде Промо науқанның Қатысушысының бас тартуы, алынған промокодты/кодты белсенді етпеу, не болмаса электронды пошта мекенжайын қате көрсету салдарынан Промо науқан Қатысушысына жеткізілмеген Сыйлықтар талап етілмеген болып танылады. Ұйымдастырушы талап етілмеген Сыйлықтарды сақтамайды және өз қалауы бойынша қолдана алады.

№1 кесте

Шаңсорғыштардың модельдері

Промокод

Жеңілдік номиналы

VS15A6031R4/EV

VS20B75ACR5/EV

VS20B75ADR5/EV

VS20C8524TB/EV

VS20C9544TB/EV

VS20B95823W/EV

VS20B95943N/EV

VS28C9784QK/EV

VS20A95943N/EV

VS20A95823W/EV

VS20A95973B/EV

VS20T7536T5/EV

VS20T7532T1/EV

VS15T7031R4/EV

VS20R9046T3/EV

 

 

 

 

 

 

GALYM2024

 

 

 

 

 

 

10%

 

5. Промо науқанға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5.1. Промо науқанға Қатысушының құқықтары:

˗ Осы Ережелермен танысу;

˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Промо науқанға қатысу;

˗ Промо науқанның мерзімдері және өту шарттары туралы ақпаратты жария ресурстардан және Промо науқан Сайтының байланыс арналарынан алу;

˗ Промо науқанның сайтында осы Ережелерге өзгерістердің енгізілуі туралы ақпаратты алу;

˗ Промо науқанның Ұйымдастырушысы туралы мәліметтерді алу;

˗ Осы Ережелерге сәйкес оларды сақтаған жағдайда, Сыйлықты беруді талап ету.

5.2. Промо науқанға Қатысушының міндеттері:

˗ Ережелерді сақтау, с.і. осы Ережелерде белгіленген мерзімде Промо науқанға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗ Промо науқанға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындарын және тағы басқаларды өз бетімен көтеру;

˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

 

6. Промо науқанды Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

6.1. Ұйымдастырушының құқықтары:

˗ Промо науқан Ережелерінің ресми бетінде тиісті хабарламаны жариялау жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар етіп, Промо науқанды өткізу кезеңінде осы Ережелерді бір жақты тәртіпте өзгерту. Тиісті ақпарат Промо науқанның Сайтында жарияланған күн немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабардар ету күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Промо науқанға қатысудан бас тарту жолымен өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Промо науқанға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келіскендігі ретінде қарастырылады;

˗ Осы Ережелермен көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрастыру;

˗ Ұйымдастырушы осы Промо науқанның Ережелерімен және қолданыстағы ҚР заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;

˗ Ережелердің 3.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толық көлемде орындамаған Промо науқанның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту;

˗ Промо науқанға Қатысушының осы Ережелерді сақтамауының фактісі анықталған жағдайда Промо науқанға Қатысушыға Сыйлықты беруден бас тарту.

6.2. Ұйымдастырушының міндеттері:

˗ Ережелерді сақтау, Ережелерде белгіленген мерзімдерде Промо науқанда өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗ Промо науқанның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;

˗ Промо науқанға Қатысушыларды Промо науқанның Ережелерін Промо науқанның Сайтында орналастыру және таңдалған байланыс арналары арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.

- 3.1 тармағына сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Промо науқанға Қатысушыларға Промо науқанның Сыйлықтарын беру.

 

7. Өзге шарттар:

7.1. Промо науқанның барлық Қатысушылары Промо науқанға қатыса отырып, Промо науқанның Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Промо науқанның ережелерін бұзса немесе Сыйлықты алу үшін айлакерлік және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.

7.2. Қатысушы Промо науқанға қатыса отырып, өзінің осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді сақтаудан толығымен және/немесе ішінара бас тартуы, Қатысушының Промо науқанға қатысудан бас тартуы болып танылады.

7.3. Промо науқан байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.

7.4. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының Қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі Қатысушыға/Жеңімпазға қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы/Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.5. Промо науқанды орындау барысында, Ұйымдастырушы Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін талап етуі мүмкін.

7.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

7.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін ұсынуға, сондай-ақ басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Промо науқанмен байланысты болмайтын өзге де мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді. 

7.8. Ұйымдастырушының Промо науқанды өткізудің Ережелеріне сәйкес Промо науқанды өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша қабылдаған шешімдері түпкілікті болып танылады.

7.9. Промо науқанның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана іс-әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде атқармағаны үшін жауапкершілік көтермейді.  

7.10. Ұйымдастырушы Промо науқан шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

7.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса,  қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, онда Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны қатыстырмауға құқылы және осындай қатысудан шектетілген Қатысушының  қандай да бір жерде хабарланса, бейнеленсе немесе жарияланса да, Ұйымдастырушы оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

7.12. Осы Ережелердің кез келген талабының жарамсыздығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа талаптардың растығына немесе олардың орындалуына әсер етпейді. Егер қандай да бір талап жарамсыз немесе өзгеше орындалмайтын болып танылса, не заңға қайшы келсе, онда қалғандары осы Ережелердің қолданысын жалғастырады және осында жарамсыз немесе заңға қайшы талап болмағандай бекітілген талаптарға сәйкес түсіндіріледі.

 

Промо науқанға қатысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыз:

Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:

7700 – Қазақстанның кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторының нөмірінен қоңырау шалу тегін.