"SAMSUNG PAY: Қосылушыларға бонустар!” ЖАРНАМАЛЫҚ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы "SAMSUNG PAY: Қосылушыларға бонустар " жарнамалық науқанына қатысу ережелері ("Науқан") "SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA" ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ("Ұйымдастырушы") мен Науқан Қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Науқанға қатыса отырып, қатысушы сайтта орналастырылған осы Науқанға қатысу ережелерімен ("Ережелер") келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/s-pay-summer/   ("Науқан сайты").

1.       Жалпы ережелер

1.1.    Ұйымдастырушы: "SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA" ЖШС "САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС Орталық Еуразия", мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, Әл-Фараби даңғылы, 36 үй, "AFD" Бизнес орталығы, Б блогы, 3-4 қабаттар.

1.2.    Науқанды өткізу кезеңі: 2021 жылдың 15 шілдесi - 31 қазан аралығы;

1.3.    Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық аумағы;

1.4.    Акцияның ресми серіктесі ("Серіктес"): 070019, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Железнодорожная көшесі, 112, БСН 040840001482 мекенжайы бойынша орналасқан "Меломан Home Video" ЖШС.

1.5.    Науқанның Төлем Серіктестері ("Төлем серіктестері»):

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ
  • "Еуразиялық банк" АҚ
  • «ForteBank» АҚ
  • «Хоум Кредит Банк» АҚ
  • "Сбербанк" ЕБ АҚ
  • "АТФБанк" АҚ
  • «Альфа-Банк» ЕБ АҚ
  • АО «First Heartland Jýsan Bank» АҚ
  • «ALTYN BANK» (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) АҚ
  • "RBK Bank" АҚ
  • "КазЕвроМобайл" АҚ

2.       Науқанға Қатысушы

2.1.    Науқанға 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және осы Ережелердің барлық  талаптарын орындаған шетелдік азаматтар қатыса алады ("Қатысушы»);

2.2.    Науқанға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратты (соның ішінде Бағдарламада / тіркеу кезінде және өзге жолмен) ұсына отырып, Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Науқанның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға және өңдеуге, келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/ басқа да уәкілетті тұлғалар/үшінші тұлғалар берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді.  Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

3.       Науқанның  Шарттары:

3.1.    3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған және «SAMSUNG Pay» бағдарламасын («Бағдарлама») пайдаланып, Ұйымдастырушының Ресми серіктестерінің банк карталарымен төлемдерді жасаған кезде құнды сыйлықтардың ұтыс ойынына қатыса алады.

4.       Науқанға қатысу шарттары:

4.1. Науқанға қатысу үшін қатысушы келесі әрекеттерді орындауы қажет:

4.1.1. Қазақстан Республикасындағы Samsung тауарларының ресми сату нүктелерінде сатып алынған SAMSUNG Galaxy смартфонында ("Смартфон") науқан өткізу кезеңінде"SAMSUNG Pay" ("Бағдарлама") бағдарламасын орнату және тіркелуі қажет. Бағдарламада Төлем Серіктестерінің тізімінен кемінде бір белсенді төлем картасын орнатуы тиіс. Дегенмен, корпоративтік банк карталарын Науқанға қатысу үшін пайдалануға болмайды;

4.1.2. Науқан тек Науқан кезінде бағдарламаны орнатқан жаңа Samsung Pay пайдаланушыларына арналған.

4.1.3. Смартфон арқылы Науқанға қатысу үшін Бағдарламаға науқандар/купондар бөліміне өтіп немесе Бағдарламаның басты бетінің жоғарғы жағындағы тиісті баннерге өтіп тіркелу керек. Тіркеу тіркелу деректерін үшінші тұлғаларға берместен, тұлғаның жеке қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.

4.1.4. Ережелермен танысу және Науқанға қатысу ниетін растау үшін бағдарламадағы сілтемеге басып, науқан шарттарын қабылдап және барлық қажетті ақпаратты (аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық мекен-жайы) ұсыну қажет;

4.1.5. Бағдарламадағы «Мәртебені тексеру» түймесін басып, өз мәртебеңізді тексеру керексіз.

4.1.6. Науқанды өткізу кезеңінде бағдарлама арқылы 3 төлем (транзакция) жасалуы тиіс.  Осы Қағидаларға сәйкес науқан кезеңінен тыс және/немесе тіркеусіз жасалған төлемдер есептелмейді;

4.1.7. Осы науқанның мақсаттары үшін төлемдер (транзакциялар) санын есепке алу күніне 1 (бір) төлемнен (транзакциядан) аспайтын қағидат бойынша жүзеге асырылады, яғни алдыңғысынан кейін 24 сағаттан ерте емес жасалған төлем (транзакция) ескеріледі (яғни тәулік ішінде 2 немесе одан да көп төлем (транзакция) жасалған жағдайда бір ғана төлем (транзакция) есепке алынады);

4.1.8. Науқан мақсаттары үшін кез келген себептен жойылған транзакциялар есепке алынбайды;

5.       Сыйлықтар:

5.1.    Науқан бойынша берілетін сыйлықтар - "Меломан" дүкендер желісінде тауар сатып алуға мүмкіндік беретін номиналы 3 000 (үш мың) теңгелік серіктестің электрондық сертификаттары;

5.2.    Іріктеу Тәртібі: осы Ережені дұрыс орындаған қатысушы сыйлық алады. Сыйлықты электронды жолмен бағдарламадағы қатысушының профилінде "науқандар, купондар"бөлімі арқылы аласыз. Сыйлық Науқан шарттары бойынша жүргізілген үшінші транзакция (төлем) жасалғаннан кейін бірден қолжетімді болады.

5.3.    Қатысушы келесі жағдайларда Науқанға қатысу құқығынан айырылады және сыйлық алуға үміткер бола алмайды:

(i)      науқанның қандай да бір шарттарын бұзу;

(ii)     тіркеу шарттарын бұзу (соның ішінде дұрыс емес деректерді ұсыну, науқанға бірнеше аккаунтпен қатысу және т. б.);

(iii)    Қатысушы байланыс үшін жалған/ дұрыс емес деректерді ұсынған кезде;

(iv)    Ұйымдастырушы көрсетілген байланыс деректері бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде қатысушымен байланыса алмаған жағдайда;

(v)     алаяқтық немесе өзге де заңға қайшы әрекеттердің жасалу фактілері анықталған кезде;

(vi)    басқа біреудің банк картасын және/немесе Смартфонын пайдаланған жағдайда;

(vii)   тіркелу деректерін үшінші тұлғаларға берген жағдайда;

(viii)  осы Ережелерде көрсетілген ақпаратты / құжаттарды ұсынудан бас тартқан кезде.

5.4.    Әрбір Қатысушы науқан шеңберінде 1 (бір) сыйлықтан артық ала алмайды;

5.5.    Ешбір жағдайда Ұйымдастырушы сыйлықты ақша сомасындағы баламаға алмастырмайды және/немесе тиісті сыйлықты өзге тауарға ауыстыруды ұсынбайды;

5.6.    Сыйлықты алуға байланысты туындайтын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетінше және өз есебінен төлейді.

5.7.    Сыйлықтар саны шектеулі, 1 500 (бір мың бес жүз) сертификат ойнатылады. Дегенмен, ұйымдастырушы сыйлықтардың санын өз бетінше орнатуға, сондай-ақ оны өзгертуге құқылы.

6.       Басқа

6.1.    Барлық қатысушылар Науқанға қатыса отырып, оның ережелерімен келісіп, оларды ұстануға және орындауға міндетті. Егер қатысушы акция ережелерін бұзса немесе сыйлық алу үшін алаяқтық және/немесе алдау актісін жасаса, ол сыйлық алу құқығынан айырылады;

6.2.    Қатысушы Науқанға қатыса отырып, фото/бейне түсірлімді жүргізуге, оның кескіні/қатысуы бар тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/Әріптестің ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар тиісті фото/бейне материалдарды бухгалтерлік және есептік мақсатында пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;

6.3.    Ұйымдастырушы Науқанның Сайтында немесе Бағдарламада тиісті хабарламаны орналастыру жолымен Қатысушыға алдын ала хабарлап, осы Қағидаларды біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарландыру күні науқан сайтында немесе бағдарламада тиісті ақпаратты жариялау күні немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы науқанға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннің аяқталуынан кейін Науқанға қатысудың жалғасуы Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскені болып қабылданады;

6.4.    Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген өзге де құмар ойын болып табылмайды;

6.5.    Қатысушыға/ жеңімпазға Кері байланыс алу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз пікір білдіруден бас тарта алады.

 

Ұйымдастырушының байланыс-орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500-Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799-Қазақстанның кез келген ұялы операторынан қоңырау шалу тегін.