«Сатып ал да, сыйлық ал»

ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

«Сатып ал да, сыйлық ал» Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/Акция сайты»), соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар.

 

1.        Жалпы ережелер:

1.1.      Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат.

1.2.      Акцияны өткізу кезеңі:   2024 жылдың 1 мен 30 қарашаның аралығында (қоса алғанда), Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.

1.3.      Акцияны өткізу қаласы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.

1.4.      Акцияны өткізу тәсілі: Акция осы Ережелерде көрсетілген және Акция сайтындағы Ұйымдастырушының SAMSUNG Интернет-дүкенінде сатып алған барлық тауарларға қолданылады.

 

2.        Акцияға Қатысушы

2.1.      Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

2.2.      Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны  ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды.

2.3.      Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4.      Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

3.        Акцияның сипаттамасы

3.1.      Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда төменде көрсетілген сыйлықтардың  бірін алу мүмкіндігін алады.

 

4.        Акцияға қатысу шарттары:

4.1.       Акцияға қатысу үшін, Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:

4.2.      Акцияға қатысу үшін Қатысушы Акцияны өткізу кезеңінде Акция сайтында №1 кестеде көрсетілген («Тауар») тауарлардың бірін сатып алуы керек.

4.3.       №1 кестеде көрсетілгендей көрсетілгендей сәйкес сыйлықты алуы керек.

 

1-кесте:

 

ТАУАР

СЫЙЛЫҚ

1.         

57" Odyssey Neo G9 ойын мониторы LS57CG952NIXCI

 

PlayStation®5 ойын консолі – 1 б.

 

5.              Сыйлық

5.1.          1-кестеге сәйкес Акция сайтында сатып алған тауарға байланысты берілетін Акция  қатысушысына арналған Сыйлық SAMSUNG тауар белгісі бар тауар болып табылады («Сыйлық»).    

5.2.         Әрбір Қатысушы Акция шеңберінде 1 (бір) Тауар сатып алып, тек 1 (бір) Сыйлық ала алады.

5.3.         Сыйлықтың түсі мен моделі оның болуына байланысты және Акцияның ресми сайтындағы кескіннен айырмашылықтары болуы мүмкін.

5.4.         Сыйлықтарды жеткізу тапсырысты растау мен онлайн-дүкенде төлем жасаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалады. Жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүзеге асырылады.

5.5.         Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға ешбір ақшалай қаражат/өтемақы берілмейді.

5.6.         Тауарды қайтарған жағдайда Сыйлық қайтарылуы тиіс. Қатысушы Сыйлықты қайтарудан бас тартса, Ұйымдастырушы сәйкес Тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Қайтару мен ауыстыру Ресми Серіктес белгілеген ережелерге сәйкес орындалады.

5.7.         Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Сыйлық алу үшін, Қатысушы міндеттенеді:

-          жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну;

-          жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;

-          фото/видео түсіру туралы Рұқсатқа қол қою;

-          қолындағы Сыйлықпен фото/видео түсіру.

5.8.      Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміркер бола алмайды:

-          Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

-          Қатысушы деректері жалған/қате берілсе;

-          Ұйымдастырушы/Серіктес Қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;

-          алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;  

-          жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса.

 

6.        Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

6.1.      Акцияға қатысушының Құқықтары:

˗          Осы Ережелермен танысу;

˗          Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗          Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗          Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗          Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

˗          Осы Ережелерге сәйкес сыйлық беруді талап ету.

6.2.      Акцияға қатысушының міндеттері:

˗          Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗          Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;

˗          Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

 

7.        Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері

7.1.      Ұйымдастырушының құқықтары:

-          Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-          Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-          Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

-          4.1. т. көрсетілген Осы Ережелердің барлық шарттарын толық көлемді және дұрыс орындамаған Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту;

-          Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.  

7.2.      Ұйымдастырушының міндеттері:

-          Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

-          Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

-          Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

-          Осы Ережелердің  4.1 т. сәйкес барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция шеңберінде Сыйлықтар беру.   

 

8.        Басқа шарттар:

8.1.      Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Ережелерде анықталған құқықтары мен міндеттері бар.

8.2.      Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді; Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе алаяқтық және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.

8.3.      Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

8.4.      Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

8.5.      Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін; Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

8.6.      Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін,  Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.

8.7.      Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге және Акция мақсаттарына сәйкес келмейтін заңға қайшы қандай да бір мақсатта басқа да кез келген ақпаратты бермеуге міндеттенеді.  

8.8.      Барлық мәселелерге байланысты Акцияны Ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес Ұйымдастырушы қабылдайтын шешімдер соңғы болып табылады.

8.9.      Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекеті нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

8.10.   Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы. 

8.11.   Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаз, әлеуетті Жеңімпаз және (немесе) Қатысушы шектетілсе, қатысу талаптарына сәй келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның әрекетін қандай да бір тұлғаны қорлайтын, әділетсіз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе тіл тигізуге, қиянат көрсетуге, қауіп төндіруге бағытталғанын анықтаса, Ұйымдастырушы осындай Жеңімпазды немесе әлеуетті Жеңімпазды және (немесе) Қатысушыны онымен хабарласса, оның аты қандай да бір жерде көрсетілсе немесе жарияланса да қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

8.12.   Осы Ережелердің кез келген қағидаларының  жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттына сәйкес түсіндіріледі.

8.13.   Егер кез келген тұлға жалған ақпарат беріп заңға қайшы жолмен қатысып немесе сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзған жағдайда Ұйымдастырушы осы тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады.

8.14.   Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген  Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:

7700 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.