Samsung жаңа ЭКОбастамалары және арнайы ЭКОұсыныстары
туралы бірінші болып білгіңіз келе ме?
Таныс болайық!
* Есіміңізді енгізіңіз
* Дұрыс электронды поштаңызды енгізіңіз
* Сіздің келісіміңіз қажет
Таңбалауды тексеріңіз. Әлемді өзгертіңіз.
Тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, кептіргіш, ыдыс жуатын машиналар мен үйге арналған басқа техникаға да энергия тиімділігі класы туралы мәліметтері бар заттаңба тағылған. Шкала А класынан басталып, G класымен аяқталады, бұл жердегі А класы — энергия тиімділігінің ең жоғарғы класы, ал G — ең төменгісі.
Энергия тиімділігі туралы қолжетімді ақпарат сізге үйге арналған экологиялық техниканы оңай таңдау мен қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге септігін тигізетініне үміттенеміз.
Трейд-ин бағдарламасы бойынша ұсыныстар
Трейд-ин арқылы ұсынысты қолданып, өзіңіздің үйіңіз бен әлемді экологиялық таза ете аласыз.
Біздің ең үздік экоұсыныстарымыз
Энергияны дұрыс бағыттаңыз
1992 жылдан бері біздің компаниямыз экоменеджмент философиясын ұстанады. Біз экологиялық заңдар мен нормаларды сақтап қана қоймай, сонымен қатар сіздерге тұрақты болашақтың іргесін салу үшін шешімдер ұсынамыз. Бүгінгі күні біздің энергияны сақтаушы құрылғыларымызды тауып, аса қажетті энергетикалық үнемділікке ауысу бұрынғыдан да оңай.
![Технология AI Ecobubble позволяет в 4 раза сократить ваши годовые затраты на электричество](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_ru/offer/eco-flip/images/eco-facts-ai-ecobubble_kz.png)
Galaxy-менбірге ғаламшарды сақтаңыз
Тиімді Трейд-ин
Қоршаған ортаны қорғау біз үшін басты басымдық болып табылады. Біз ескі техникаға жаңа өмір сыйлауға және қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға тырысамыз.
Дәл осы себептен сізге Трейд-ин қызметін қолданып ескі құрылғыңызды жаңасына ауыстыруға ұсынамыз.
Трейд-ин бағдарламасы смартфондар, планшеттер мен Galaxy ақылды сағаттарына қолданылады.
![Вторая жизнь старого устройства в Trade-in, возможность ремонта для последующего использования или разборка на запасные части](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_ru/offer/eco-flip/images/eco-trade-in__img4.png)
Екінші өмір
Сіздің ескі құрылғыңыз Трейд-ин арқылы серіктеске табысталған соң, ол тексеріліп сыналады.
Құрылғы келесі қолдану үшін жөнделеді немесе қосалқы бөліктерге бөлшектенеді.
Тастамаңыз — жаңасын жасаңыз
The Frame, The Sero немесе The Serif сериялы теледидардың орама қораптарын үйде қолданатын тұрмыстық заттарға айналдырыңыз. Орама қораптардан көптеген қызықты заттарды жасауға болады — кітап сөрелерін, мысық үйшігінен бастап теледидар қоятын тұғырыққа дейін. Нұсқаулықты орындасаңыз болды.
Күн батареясымен жұмыс істейтін Samsung қашықтықтан басқару пультіне ауысыңыз
— ол табиғи немесе жасанды жарықтандыру көмегімен толықтай қуатталады. Біз оны 2021 жылы әрбір Samsung QLED теледидарының жиынтығына қостық, бұл әдеттегі энергия тұтыну деңгейінің 80% қысқартуға көмектеседі.
Біздің инновациялар теледидарда 7 жыл бойы қолданылатын АА типті 99 миллион батареяның ысырап болуының алдын алады.
Сонымен қатар біздің жаңа пультіміз экологиялық таза материалдардан тұрады, сондықтан ғаламшарымызды қорғауға тағы бір кішігірім қадам жасауға көмектеседі!
![Пульт дистанционного управления Samsung на солнечных батареях, заряжается от естественного и искусственного освещения или USB](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/ru/environment/es-create__section-img.jpg)
![Наши технологии помогают сэкономить 99 миллионов пальчиковых батареек](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_ru/offer/eco-flip/images/eco-facts-battery-saving_kz.png)
Ескі техниканы кәдеге жарату не үшін керек?
Ғаламшар мен оның болашағына қамқорлық
Тұрмыстық техника ондаған және жүздеген жылдар бойы ыдырайтын пластик пен металдан тұрады.
Осы материалдар қоқыс полигондарында немесе рұқсатсыз төгілген қоқыс жиналған жерлерде ыдырап, қоршаған ортаны ластайды. Әсіресе — техниканың жеке элементтері, соның ішінде сымсыз шаңсорғыштардың аккумуляторлары мен тоңазытқыштардың суыту жүйелерін келтіруге болады.
Кәдеге жарату кері әсерді азайтуға көмектеседі. Кәдеге жарату кезінде ескі техниканың құрамдастарының көбі қайтадан қолдануға жіберіледі, яғни олардан жаңа құрылғылар мен басқа өнімдер жасалады.
Техниканы қабылдау орындарына өткізу арқылы сіз қалдықсыз өндірістердің қалыптасуына ықпал етіп өзіңіздің экологиялық ізіңізді азайтасыз. Қолданыстан шыққан құрылғыдан металл өндіру — бастапқы өндіріс пен кен өндіруден бастап дайындауға қарағанда, табиғатты азырақ ластайды.
![Сбор электронного мусора волонтёрами, утилизация электроники, переработка металла, пластика и батарей из устаревших устройств](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_ru/offer/eco-flip/images/eco-utilize__planet.jpg)
Қайта өндіру жағдайды құтқарады
Ескі смартфоныңызды, планшетті немесе басқа да тасымалды Samsung техникасын Eco box кәдеге жарату пунктілеріне алып келіңіз. Бұл бүкіл Қазақстанда бар Samsung сервистік орталықтарындағы арнайы контейнерлер (экобокстар). Онда қолданыcта болған ұялы құрылғыларыңызды өткізе аласыз. Кейін қабылдау нүктелері көбейетін болады.
![Контейнеры для сбора некрупногабаритной техники в сервисных центрах Samsung Казахстан, помощь с утилизацией устаревших устройств](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_ru/offer/eco-flip/images/recycle.png?v=1.0)
Samsung Recycling School: ECO-Box Challenge
Ескі құрылғыны тапсырып, жеңілдігі бар промокод пен Samsung жүлдеcін ұтып алу мүмкіндігіне ие бол
![](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_kz/offer/eco-flip/images/hero_bg_pc.png)
![](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_kz/offer/eco-flip/images/hero_bg_mo.png)
Сені көргенімізге разымыз
Сен өз стикерінің ерекше QR кодын сканерледің. Тапсырып жатқан құрылғыға жапсырылғанына көз жеткіз.
Ескі құрылғыны тапсыр және Samsung өніміне промокодтар ұтысына қатыс. Ол үшін:
Төмендегі
сауалнаманы толтыр
Құрылғыға
жапсырманы жабыстыр
Құрылғыны
экобоксқа сал
Әр университетке арналған жүлделер:
![](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_kz/offer/eco-flip/images/fitness_bracelet.png)
1 орын:
Galaxy Fitⓔ
фитнес‑білезігі
2 орын:
20 000 ₸ промокод
3 орын:
10 000 ₸ промокод
Кепілдендірілген сыйлық:
10% жеңілдік промокод
Қатысушы анкетасы
Ұтыс ойынының женімпаздары кездейсоқ анықталады
Неғүрлым көп құрылғылар тапсырсаң, соғұрлым жеңіске мүмкіндік арта түседі. Жеңіске жеткен жағдайда сенімен телефон немесе электронық пошта арқылы хабарласатын боламыз.
Сіздің смартфоныңыздың материалдары мұхиттарды қорғауға қалай көмектеседі
Біз экологияға қамқор болу үшін, Samsung Galaxy құрамдастарын дамыттық.
![Две черепахи плавают в воде на фоне морского дна, ущерб морским обитателям и экосистеме океана из-за микропластика и отходов](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/ru/environment/eco-ocean__turtles.png)
Пластиктен жасалған балық аулайтын аулар немесе «мұхит түбіндегі пластик құрал-жабдықтар» — ғаламшарымызға төнген нағыз қауіп
Егер мұхитқа тасталған балық ауларына шара қолданбаса, ол әлем мұхиты экожүйесінде мекен ететін мұхит жануарларына түзетілмес зиян келтіреді. Тордан жануарлар зардап шегеді, маржанды түзілімдер зақымдалады, ал пластиктің микроскопиялық фрагменттері біздің тағамымыз бен ішетін суымызға түседі.
Samsung мұхитқа тасталған балық ауларын қайта өңдеп, оларды өздерінің өнімдерінде пайдалану арқылы мұхиттың ластануын азайтады —бұл біздің «Ғаламшар үшін Galaxy» тұрақты дамуға бағытталған стратегиямыздың бір бөлігі.
Underwriters Laboratories (UL) қауіпсіздікті сертификаттау бойынша компания өткізген өмір циклын бағалаудың көрсетуі бойынша: Samsung Galaxy құрылғыларында қайта өңделген «мұхит» пластигін қолдану көмірқышқыл газының (C0₂) ауаға шығарылуын кәдімгі пластикпен¹ салыстырғанда 25% азайтады.
![Выброшенный мусор на дне океана, стратегия устойчивого развития Galaxy для планеты, снижение выбросов углекислого газа на 25%](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/ru/environment/eco-ocean__fishing-nets.jpg)
¹ Бағалауды Samsung Electronics серіктесі, Samsung Galaxy құрылғыларында пайдаланылатын пластикті өңдеуші Hanwha Compound компаниясы өткізген.
Galaxy S22 сериясының құрамдас бөліктерін өндіру үшін қайта өңделген
Galaxy S22 — қайта өңделген «мұхит» пластигінен жасалған бірінші құрылғыларымыз. Смартфон пернетақталарының кронштейнына арналған материал және S Pen электронды қаламы корпусының ішкі жағы 20% қайта өңделген балық ауынан тұрады.
Қағазға экобалама
![Электронное перо S Pen для быстрых заметок на экране ноутбука без применения бумаги, преобразование рукописного текста, жесты](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/ru/environment/es-eco-alt-paper--img.jpg)
жазуға арналған S Pen
Қағаз қалдықтары — климат өзгеруіне әсер ететін факторлардың бірі. Өкінішке орай, олардың көп бөлігі қайта өңделмей, қоқысқа тасталады. Енді жазбалар жазу, сурет салу немесе келісімшарттарға қол қою үшін қағаздан бас тарту оңай болғаны жақсы жаңалық.
Бізге бар керегі — S Pen
Сыртқы түрі мен қолға ұстағанда тура қаламдай сезілетін S Pen, бірде бір қағаз парағын босқа қолданбай, кәдімгі қаламдай қолдануға мүмкіндік береді. Ал жазба мәтінді басылған мәтінге ауыстыру және ишарамен басқару сияқты озық функцияларының арқасында көбірек нәрсе істей аласыз.
![100% переработанная бумага для коробок и защитных пленок наших смартфонов](http://images.samsung.com/is/image/samsung/assets/kz_ru/offer/eco-flip/images/eco-facts-paper-recycling_kz.png)
ЭкоЖауапты Сервис
Өтінішіңізге рахмет!
Ақпаратты өңдегеннен кейін сізбен хабарласамыз