"Робот шаңсорғышты сатып алып, сыйлық ал" жарнамалық акцияға қатысу ережелері
Осы «JetBot жануарлардың иелерін іздейді» акциясына («Акция») қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) («Ұйымдастырушы») және Акция қатысушысының арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысып, қатысушы https://www.samsung.com/kz_ru/ ; https://www.samsung.com/kz_kz/ мекенжайларында, оның ішінде доменнің барлық деңгейлерінде интернет-дүкеннің ресми сайтында («Акция сайты») орналасқан осы Акция ережелерімен («Ережелер») келіседі.
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы, Алмалы ауданы, Желтоқсан к-сі, 115-үй, 3-қабат, пошта индексі A05D7M5 мекенжайында орналасқан «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ» ЖШС;
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2023 жылғы 15 қарашадан бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейін (қоса санағанда) Алматы уақытымен 23:59 сағатқа дейін;
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында;
1.4. Акция Ұйымдастырушының ресми серіктестеріне ("Серіктестер") таралмайды:
• «Gulser Computers» (Гулсер Компьютерс)» ЖШС – ALSER;
• «Arena S» (Арена S) ЖШС – SULPAK;
• «Компания Эврика» ЖШС – EVRIKA;
• «Мечта Маркет» ЖШС– МЕЧТА;
• «Technodom Operator» (Технодом Оператор) АҚ – TECHNODOM;
• «FORA TRADE» ЖШС – FORA.
2. Акцияның қатысушысы
2.1. Акцияға тек 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар және осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және құралдарымен жеке өзі орындаған шетелдік азаматтар ғана қатыса алады ("Қатысушы").
2.2. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркеу кезінде кез келген ақпаратты (оның ішінде Акция сайтында) және өзге де тәсілдермен, соның ішінде дербес деректер болып табылатын ақпаратты бере отырып тіркелген кезде, Қатысушы өзінің дербес деректерін: орналасқан қаласы, толық Т.А.Ә., жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, тұрғылықты мекенжайын Акцияның өткізілуін бақылау мақсатында, оның шарттарын, жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтар таратылымдарын орындау, сондай-ақ маркетингтік мақсатта басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыру мақсатында Ұйымдастырушыға және ол уәкілеттік берген үшінші тұлғаларына, оның ішінде трансшекаралық түрде жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге келісімін береді. Келісім мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, көрсетілген өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне : алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру (оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беру), жою, өшіру, оның ішінде Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларына/ өзге де уәкілетті тұлғаларға тұлғаларға / үшінші тұлғаларға қолданылады. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға фото/видео түсірілім жүргізуге, оның бейнесі/Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде, сондай-ақ өзге де мақсаттарда, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, бухгалтерлік және есеп беруге, тиісті фото/видео материалдарды сақтауға, пайдалануға, орналастыруға сөзсіз және өтеусіз келісім береді.
3. Акцияны өткізу шарттары
3.1 Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
- Акцияны өткізу кезеңінде Акция Сайтындағы 1-кестеде көрсетілген SAMSUNG тауар белгісі бар тауарлардың бірін («Тауар») сатып алу;
- Төмендегі 1-кестеде көрсетілгендей сәйкес сыйлық алу;
Төменде Акцияға қатысатын Тауарлардың тізімі, сонымен қатар сәйкес сыйлық көрсетілген:
№ |
ТАУАР |
СЫЙЛЫҚ |
1 |
Samsung Bespoke Jet Bot AI+ (VR50T95735W/EV) |
• Жүн тазалайтын брендтелген щетка • Мекенжай жазатын орын • Ыдыс • Үй жануарларына арналған әмбебап жатақ • Шоппер • ROYAL CANIN* ұсынған үй жануарының жеке тамақтану сертификаты
* мысықтарға 3 айға, иттерге 1 айға арналған |
4. Сыйлық
4.1. Жоғарыдағы 1-кестеге сәйкес сатып алынған Тауарға байланысты Акция қатысушысына арналған SAMSUNG тауар белгісі бар тауар сыйлық («Сыйлық») болып табылады.
4.2. Әр Қатысушы Акция шеңберінде 1 (бір) Тауар сатып алған кезде 1 (бір) ғана Сыйлық ала алады;
4.3. Сыйлықтың түсі мен үлгісі оның болуына байланысты және Акцияның ресми сайтындағы суреттен өзгеше болуы мүмкін;
4.4. Сыйлықтарды жеткізу тапсырысты және оның Онлайн-дүкенде төленгенін растаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде орындалады. Жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға жеткізу үшін қандай да бір төлемді, салықтарды немесе өзге де төлемдерді төлеуді талап еткен жағдайда, мұндай төлемдерді жүзеге асырмаңыз және Ұйымдастырушыға дереу хабарласыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі жағында, сонымен қатар Ұйымдастырушының ресми парақшаларында және әлеуметтік желілерінде көрсетілген нөмірлер бойынша байланысуға болады;
4.5. Сыйлықтардың саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе өзге тауарларға ауыстыруға жатпайды. Акцияның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді;
4.6. Акцияны өткізу кезеңінде қандай да бір себеппен таратылмаған сыйлықтар, оның ішінде Акция Қатысушысына Қатысушы бас тартқандықтан, промокод/код іске қосылмауы, немесе электрондық пошта дұрыс көрсетілмеуінен жеткізілмеген сыйлықтар талап етілмеген болып саналады. Талап етілмеген Сыйлықтар сақталмайды және Ұйымдастырушының қалауымен қолданылады.
4.7. Ережелер талап етілмеген сыйлықтарды сақтауды және осы Ережелерде көрсетілген мерзім өткеннен кейін талап ету мүмкіндігін көздемейді;
4.8. Сыйлықты алған кезден бастап Акция Қатысушысы оның кездейсоқ жойылу және/немесе бүліну тәуекелін өзіне алады.
5. Акция Қатысушысының құқықтары мен міндеттері
5.1. Акция Қатысушысының құқықтары:
- Осы Ережелермен танысуға;
- Акцияға осы Ережелермен көзделген тәртіпте қатысуға;
- Акция Сайтының коммуникация арналарында және көпшілік ресурстарда Акцияны өткізу мерзімі және ережелері туралы ақпаратты алуға;
- Осы Ережелердің өзгергені туралы ақпаратты Акция Сайтынан алуға;
- Акция Ұйымдастырушысы туралы мәліметті алуға;
- Осы Ережелерге сәйкес Сыйлық беруді талап етуге;
5.2. Акция Қатысушысының міндеттері:
- Ережені, соның ішінде осы Ережелермен белгіленген мерзімде Акцияға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді сақтауға;
- Акцияға қатысуға байланысты барлық шығындарды, оның ішінде (барақ онымен шектелмей) Интернет шығындарын, телефон және өзге шығындарды өздігінен өтеуге;
- осы Ережелерге байланысты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге міндеттерді артуға.
6. Акция Ұйымдастырушысының құқықтары мен міндеттері
6.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
- Акцияны өткізу кезеңінде Қатысушыға Акция Сайтында сәйкес хабарлама орналастыру жолымен хабарлап, бір жақты тәртіппен осы Ережелерді өзгертуге. Хабарлау күні болып Акция Сайтында сәйкес ақпаратты күні немесе ережелерді өзгерткен күні көрсетілген қосымша күн болып табылады. Аталған өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келісімі ретінде қарастырылады.
- Қатысушылардан осы Ережелермен көзделген қажетті ақпарат пен құжаттарды, сонымен қатар мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге құжаттарды сұратуға;
- Ұйымдастырушы осы Акция Ережелерімен және ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;
Ережелердің 3.1-тармағында көрсетілген ережелерді толық көлемде және дұрыс орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға.
- Акция Қатысушысына осы Ережелердің Акция Қатысушысымен орындамау дерегі анықталған жағдайда Сыйлық беруден бас тартуға.
6.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
- Ережені сақтауға, Акцияны өткізуге байланысты барлық әрекеттерді Ережелермен белгіленген мерзімде орындауға;
- Ережелерге сәйкес Акция өткізуді қамтамасыз етуге;
- Акция Қатысушыларына Акция сайтында Акция Ережелерін орналастыру жолмен және байланысудың таңдалған арналары арқылы ақпараттандыруды қамтамасыз етуге;
- 3.1-тармаққа сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған Акция Қатысушыларының бәріне Акция Сыйлықтарын беруге
7. Өзге ережелер:
7.1. Акцияның барлық Қатысушылары оған қатыса отырып Акция Ережелерімен келіседі, оларды қолдауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Акция ережелерін бұзса немесе Сыйлық алу үшін алаяқтық және/немесе алдау актісін жасаса, ол оны алуға деген құқықтан айырылады.
7.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келісетінін мәлімдейді. Қатысушының осы Ережені сақтаудан толық және/немесе ішінара бас тартуы Акцияға қатысудан бас тартуы деп танылады.
7.3. Акция сайыс, лотерея немесе тәуекелге негіздел азарт ойын болып табылмайды.
7.4. Қатысушыға / Жеңімпазға Ұйымдастырушының Қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Сапа бөлімінен пікір алу үшін қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін білдіруден бас тарта алады.
7.5. Акцияны орындау барысында Қатысушыдан Қатысушыны сәйкестендіру және растау үшін жеке куәлік көшірмесін ұсынуды талап етуі мүмкін.
7.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатқа ие және ешқандай жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерімен анықталатын көпшілік оферта болып табылмайды. Құрылғылар саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін, барлық суреттер анықтама үшін берілген.
7.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сондай-ақ құқыққа қайшы мақсаттарда немесе Акцияға байланысты мақсаттарға сәйкес келмейтін кез келген өзге де мақсаттарда кез келген өзге ақпаратты бермеуге міндеттенеді.
7.8. Ұйымдастырушы Акцияны өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша Акцияны өткізу ережелеріне сәйкес қабылдаған шешімдер ақырғы деп танылады.
7.9. Акцияны Ұйымдастырушы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістердің, зиянды бағдарламалардың әрекеттерінің, сондай-ақ Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурс) рұқсатсыз кіруге және/немесе істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың жосықсыз әрекеттерінің нәтижесі болып табылатын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
7.10. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
7.11. Егер Ұйымдастырушы кез келген уақытта ақылға қонымды және заңды негізде қатысушының дисквалификацияланғанын, қатысу критерийлеріне сәйкес келмейтінін, осы Ережелерді бұзатынын немесе Ұйымдастырушы қорлайтын, орынсыз, қорқытатын, заңсыз немесе қандай да бір адамды қорлауға, теріс пайдалануға, қорқытуға немесе қорлауға бағытталған мінез-құлықты көрсететінін анықтаса, онда Ұйымдастырушы егер дисквалификацияланатын Қатысушы бір жерде хабарланған, көрсетілген немесе жарияланған болса да осындай Қатысушыны шеттету құқығын сақтайды.
7.12. Осы Ережелердің кез келген шартын орындаудың жарамсыздығы немесе мүмкін еместігі кез келген басқа ережелердің жарамдылығына немесе орындалу мүмкіндігіне әсер етпейді. Егер қандай да бір ереженің жарамсыз немесе басқаша орындалуға жатпайтын не заңсыз болып табылатыны анықталса, онда қалған жағдайда осы Ережелер қолданысын жалғастырады және олардың шарттарына сәйкес, оларда жарамсыз немесе заңсыз ереже болмағандай түсіндірілуге тиіс.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша Ұйымдастырушының төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жүгініңіз:
Ұйымдастырушының колл-орталық байланыс деректері:
7700 – Қазақстанның кез келген өңірінен тегін қоңырау шалу;
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан тегін қоңырау шалу.