«Samsung Care» сертификаты бойынша қызмет көрсету шарттары. Экран қорғанысы

  • Сертификат Тұтынушыға смартфонның дисплейі механикалық зақымдалған жағдайда, оны бір рет ауыстыру құқығын береді.
  • Тозу, сызу, жарықша белгілерінің және басқа да маңызды емес, бұйымды мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік беретін дисплей бұзылыстарының бар болуы дисплейді ауыстыруға негіз бола алмайды. Дисплей сынған жағдайда клиент өнімнің сегментіне сәйкес жұмыстың ақысын төлейді. Mass segment* үшін ол – ҚҚС есептеумен 15 000 теңгені,  Premium segment ** үшін ол – ҚҚС есептеумен 35,000 теңгені құрайды.
  •  Сертификаттың қолданыс мерзімі сертификат сатып алынған күннен бастап 1 жылды құрайды, ол кепілдік аяқталған мерзімге дейін жарамды болады.
  • Сертификат бойынша қызмет көрсетуге тек Сертификатты тіркеу кезінде көрсетілген бұйым ғана жатады.
  • Сертификат бойынша қызметті алу үшін Тұтынушы бұйымды және Сертификатты сатып алу күнін және фактісін растайтын құжатты (кассалық немесе тауарлық чекті, кепілдік талонын) ұсыну қажет.
  • Сертификаттың қолданысы Өндіруші Қазақстан аумағында сатуға рұқсат бермеген Бұйымға таралмайды.
  • Жөндеуден және техниканы қайтарудан бас тарту құқығын бермейді.
  • Бір құрылғыға бір сертификаттан артық берілмейді.
  • «Жөндеуге келмейтін» жағдайларды қоспағанда, алмастыруға және қайтаруға жатпайды.

 

*Mass Segment (Көпшілікке арналған сегмент) - A сериясы (A5 бастап)

**Premium Segment (Премиум сегмент) - S сериясы