Кими және Ири — өз әлемдерінің жаратушылары
Оңтүстік Кореяның талантты жұбы: #нақтыкөзқарас
Кими және Ири (сонымен қатар @kimi_and_12 ретінде танымал) шулы Сеулдан шет аймақтағы Намхэге көшіп, сонда Les Baguettes Hotel шығармашылық студиясын ашты. Үлкен қаланың әбігерлігі мен мазасыздығынан құтылған соң, олар өз ойларына батып, студия қабырғаларын өз туындыларымен безендіреді. Олардың шығармашылық өмірінің астарына үңіліп қарап, өз ойларын өмірге қалай әкеліп, мінсіздікке қалай жететінін көрейік.
@kimi_and_12 және суреттері
Жемісті одақ
Ерекше жұп қарапайым ретро суретке жарқын контрастілер қосқан кезде өз стилін тапты. Кескіндемені компьютерлік өңдеу арқылы иллюстраторлар Les Baguettes Hotel студиясының қияли әлемін жасайды.
«Бізге шығармашылықтағы метаморфозалар ұнайды. Біздің стиль әрдайым дамып отырады»
— Кими
Жаңа беттен бастау
Жұп студиясында өздерінің параллельді әлемін жасап, кеңістікті шаттыққа толы панномен толтырады.
Қағазда бастаймыз...
Жаңа ойлармен ынталанған жас жұп ой-талқыға түседі. Ондаған ортақ бейне мен қиялдан шынайы желісі бар жарқын мультфильмдік суреттер пайда болады. Кими нәрлі акрил бояуларын қолдануды ұнатады.
@Kimi_and_12 суреті
«Кездеспес бұрын біз ретро-стилистикада жұмыс істейтінбіз. Жасампаздық жұпта осындай нәтижеге жеттік!»
— Ири
Ири S Pen қауырсынымен жұмысқа кірісіп кеткен
Компьютерде жалғастырамыз
Кими өз жауһарларын ескі жолмен жасайды, ал Ири оларды технология арқылы шыңдай түседі. Оның жұмыстағы көмекшілері — Notebook 9 Pen және S Pen қауырсыны.