Таңғы жаттығулар:
маубас адамдарға арналған
Таңертеңгі жаңа әдеттердің арқасында оятқышты ауыстырудың қажеті жоқ.
Сағат 06:30. Үшінші ретте төсектен тұрған соң, ұйқылы, ашуланшақ және алдағы күнді бір шыны-аяқ қою кофесіз елестете алмайтын күйде боласыз. Таң әрқашан жағымды бола бермейтінін мойындайық. Бірақ таңертеңгі жаттығуларды жасап көрсеңіз болды, әр атқан таңыңызды оң аяқпен бастайтын боласыз. Әдеттегі қолданбаларды айналдырып қарау әдетіне көшпес бұрын, өз күніңізді саналы және нәтижелі түрде қалай бастау керектігін біліп алыңыз.
Оянуды ойынға айналдырыңыз
Кейде оятқыш дауысын естігеннен кейін де төсекте ұзағырақ жатқымыз келеді, зерттеулер көрсеткендей бұл тек оянуды қиындатады. Оятқыш дауысын естіген бойда бірден тұруға ұмтылмаңыз. Ойжұмбақтары бар оятқыш қолданбалар біздің денеміз бен миымызды белсендіреді, оятқыш дауысын өшіру үшін олар бас қатырғыш ойындарды немесе ваннаны суретке түсіру сияқты тапсырмалар ұсынады, бұл төсектен тұруға түрткі береді.
Оянуды жағымды әдетке айналдырыңыз
Стандартты рингтондар мен ойжұмбақтары бар оятқыш қолданбалармен оянуды ұнатпайсыз ба? Galaxy S21 құрылғысындағы оятқыш функциялары күнді сүйікті әуендер мен шоулардан бастау үшін, Spotify қызметіндегі1 таңертеңгі ойнату тізімдерін немесе подкасттарды таңдауға мүмкіндік береді.
Күн сәулесін кіргізіңіз
Перделерді ашыңыз. Зерттеулерге сәйкес күн сәулесі ұйқы гормоны деп аталатын мелатонин өндірісінің күндізгі уақытта төмендеуіне байланысты ішкі сағаттарымызды синхрондауға көмектеседі. Үйде табиғи жарық жетіспей ме? Galaxy A52 құрылғыңызда Bixby Routine мүмкіндігін реттеңіз: ояну уақытына дейін бірнеше минут қалғанда, күннің шығуын имитациялайтын ақылды жарықты біртіндеп қосыңыз.²
«Эндорфиннің» шығарылуын сезініңіз
Жүгіруден кейінгі эйфория сезімі туралы естігеніңіз бар ма? Біздің миымыз кез келген аэробты белсенділік кезіндегі бірдей жақсы көңіл-күй нейромедиаторларын шығарады. Егер таңертең жүгіргіңіз келмесе, 30 минут жаяу серуендеп көріңіз немесе күніңізді жағымды бастау үшін жүректің жұмысын белсендіретін йога сабақтары
құрылғысын байқап көріңіз. Сонымен қатар, таңертеңгі жаттығудың арқасында сіз өзіңізді күні бойы сергек сезінесіз.
Миыңызды 10 минутқа босатыңыз
Күнделік жүргізу аса қиын болмауы керек. Жұмысқа кіріспес бұрын немесе күнді бастамас бұрын, барлық ойларыңызды қағаз бетіне немесе Samsung Notes қолданбасына S Pen көмегімен жазыңыз. Сөмкенің ішіндегі барлық заттарды үстелге сілкіп тастағандай санаңызды босатыңыз, кідіріс немесе өңдеу жасауға деген ықыласқа берілмеңіз. Сананы босату әдеті сізге артық нәрселерден арылып отыруға көмектеседі де, алдағы күннің жаңа тапсырмаларына орын босатады.
1 Spotify мүшелікті немесе сатып алуды талап етуі мүмкін. Spotify қызметі One UI 2 және одан жоғары нұсқадағы барлық Galaxy смартфондарында қолжетімді. Қызметтердің қолжетімділігі елге немесе аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Толық ақпарат үшін төмендегі URL сілтемесіне өтіңіз: https://support.spotify.com/us/article/full-list-of-territories-where-spotify-is-available/.
2 Samsung тіркелгісіне кіру және деректер желісінің қосылымы (Wi-Fi немесе деректер желісі) талап етіледі. Басқа құрылғыларды Bixby көмегімен басқару үшін, барлық құрылғылар SmartThings-те тіркелуі керек. Толығырақ ақпарат алу үшін SmartThings веб-сайтына (www.samsung.com/smartthings) кіріңіз.