Samsung global goals

Әлемді 2030 жылға дейін
бірге өзгертейік

2015 жылдың қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпы ассамблеясындағы әлем көшбасшылары 2030 жылға қарай әлемді түбегейлі өзгертуге уәде берді. Тұрақты даму мақсаттары (Жаһандық мақсаттар ретінде белгілі) - бұл аштықты жою, теңсіздікпен күресу және планетаны тазарту жоспары.
Samsung компаниясы осы қозғалыспен серіктес болуда және өзгеріс әкелу үшін сіздің бізбен біріккеніңізді қалаймыз.

* БҰҰ Даму бағдарламасымен серіктестік.

COVID-19
пандемиясына
қарсы күреске
қатысыңыз

Коронавирус пандемиясы бүгінгі күннің ең ірі жаһандық денсаулық дағдарысы болып отыр, бірақ Samsung компаниясында біз осы қиындықты еңсеруге технологияның көмегі тиетініне сенеміз. Біз COVID-19 қаупі мен салдарына қарсы күресу мақсатында жұмыс жасап жүргендердің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін технологиямыз бен ресурстарымызды пайдалана береміз. Енді Global Goals қолданбасы арқылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының COVID-19 індетіне қарсы күрес бойынша ынтымақтастық қорына қайырымдылық жасай аласыз.

Бір қолданбаның айтарлықтай әсері

Samsung Global Goals қолданбасы барлығына жарқын болашақ құруға өз үлестерін қосу үшін мүмкіндік береді. Әрбір 17 мақсат туралы және олардың әлем бойынша қауымдастықтарға қалайша ықпал ететіні туралы мәлімет алыңыз. Сіз көретін қолданбадағы әрбір жарнама сіздің таңдауыңыздағы мақсатқа қарай қойылатын қаражатты жинайды. Бірге біз мықты, тұрақты әлемді құрамыз.

Жаһандық мақсаттар статистикасы мен прогресіне жазылыңыз

Ерекше себепке қолдау көрсетіңіз

Мейлі бұл таза су, қолжетімді білім немесе бейбіт қоғам болсын, біз сіз сенген себепте жеңіске жеткеніңізді қалаймыз.
Қаражат жіберген сайын қайырымдылықтың қай мақсатқа бағытталатынын таңдаңыз. Сіздің үлесіңіз осы мақсатты іске асыруға кіріседі. Осыдан кейін бағдарлама сіздің көмегіңіздің арқасында пайда болған жобалар туралы хабардар етіп отырады.

Мақсаттарыңызды Samsung Pay қызметімен
қанаттандырыңыз


Қолданба ішіндегі жарнамаларды қарау арқылы кез келген таңдаулы мақсатыңызға аударылатын қаржыны тарта аласыз. Ақшаның жиналғанын күтудің қажеті жоқ. Samsung Pay немесе Google Pay қызметімен тікелей қаржы аударып, мақсаттарымызға жетелейтін сәтті іске серпіліс беріңіз. Тіпті жаңа Global Goals қолданбасын орнатқан болсаңыз, алдыңғы қайырымдылық аударымдарыңызды көру үшін жай ғана Samsung тіркелгіңізге кіріңіз.

Samsung сіздің
қатысуыңызды екі
еселейді


Samsung жаһандық корпорация болған соң, мақсатқа жету жолында жарнаманы қарауға деген ынтаңызды қолдайды. Кедергілерді еңсеру және жаһандық дамуға бағытталған құндылықтарды жасау үшін инновацияларды бірге жасайық. Болашақ сіз ойлағаннан да жақын, сондықтан сіздің қатысуыңыз өте маңызды.

Құлыптау экранын қуаттаңыз


Телефоныңыздың дисплейінде өзгеріске қарай жарнама тақтасының болуын қадағалаңыз. Құлыптау экраны функциясын қосыңыз және Global Goals қолданбасы телефоныңызды алған сайын тарихтағы ең ықпалды көшбасшылардан жаңа хабар көрсетілетін болады.

Жаһандық қозғалысқа қатысыңыз

Осы себепті қолдау үшін қолданбаны бүгін жүктей бастаңыз.

Әрбір қызметі экранда қосулы бес құрылғы кескіні. Әрбір қызметі экранда қосулы бес құрылғы кескіні.

Қолданбалар мен Қызметтер

  • * Құрылғы және экран кескіндері көрнекілік мақсаттарға үлгіленген.
  • * Қызметтің қолжетімділігі елі/қызмет провайдері/тілі/құрылғы үлгісі/OS нұсқасы бойынша өзгешеленуі мүмкін.
  • * Пайдаланушы интерфейсі мен қолданбадағы жарнамалар өзгеруі және құрылғы бойынша өзгешеленуі мүмкін.